Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құстар

Смагулова Гульнара Избергеновна
2 мин оқу 386 оқылым

Смагулова Гульнара Избергеновна

Облысы: Ақтөбе

Қаласы: Ақтөбе

№41 «Назерке»  МДҰ МКҚК .

Қызметі: Тәрбиеші

Тақырыбы: «Құстар»

 Телефон: +7 77805336370

Білім беру салалары: Шыгармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет  салу

Тақырыбы: Құстар

Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып оны күтіп баптауға, аялауға оларға қамқорлық жасап , мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген қызығушылығын, тілдерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, тақпақ, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: құстар,ұя

Қолданылған көрнекіліктер:Слайд, суреттер, сурет салуға қажетті құралдар

Әрекет түрі: Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қай айы? Аптаның нешінші күні? Апта аттары?

Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын  шешуін табуға тырысып көріңдер. Мұқият тыңдаңдар.

Қанаты бар талмаған

Аспанға ұшып самғаған

Жауы шыбын шіркейден

Табиғатты қорғаған

Бұл не?

-Ия балалар құстар біздің қанатты достарымыз

Құстардың түрі өте көп

Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.Олардың ауыздарының арасында тұмсық, қолдарының арасында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып қалықтап жүреді.

(Суретін кореміз)

Құстар екі топқа бөлінеді: Жыл құстары және қыстап қалатын құстар

Жыл құстарына: Қарлығаш, бұлбұл, тырна,қараторғай

Қыстап қалатын құстар: Торғай, қарға, суықторғай

Құстар зиянды құрт құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп олар зиянды жәндіктерді құртады.

Суық мезгілде құстардың жем табуы өте қиын.Сондықтан адамдар жем сауыт жасап , оны ағаш бұтақтарына іліп қояды.Жем сауытқа нан қиқымдарын, бидай жем салуға болады.

Құстар туралы қандай тыйым сөздерді білесіндер.

Құстын ұясын бұзба!

Құстардың балапанына тиспе!

Құстарды атпа.!

Суретпен жұмыс: Қыстап қалатын құс – суықторғай туралы түсінік беру.

Суықторғай – тəкаппар құс. Оның төсі – ашық қызыл түсті, басында қара түсті баскиімі бар. Қанаттарында ақ жолақтары болады. Оны тағы да «бозшымшық, қызылтөс» деп атауға болады. Суықторғай бұтадан көтеріліп ұшқан кезде күнге айна сияқты шағылысады. Бірақ ол – суықторғайдың «əкесі». Ал «анасының» төсі сұр-қоңыр түсті болып келеді.

Суықторғайдың дене бітіміне назар аударады (тұмсығы, қанаттары, аяқтары). Суықторғайдың төсінің түсі қандай? (Қызыл).

— Балалар, бәріміз бірге суық торғайдың суретін салуды үйренейікші.

Көрсету және түсіндіру.

Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салып, қарапайым сызықтармен салудың жолдарын ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.

- Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.
Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пішінге құстың қанатын саламыз. Сопақша пішіннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз.

Сергіту сәті: Слайд «Құс»

Қарындашпен салынып, дайын болған құстымақталы таяқшамен, біркелкі бояймыз. Құстың басы домалақ, денесі сопақша, ал тұмсығы, құйрығы үшбұрышқа ұқсайды екен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Смагулова Гульнара Избергеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым