Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құстар қайтып келді

Bilimger Media
2 мин оқу 39 оқылым

 Күні:22.04.2021

 Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі .Экология.

Тақырыбы:Құстар қайтіп келді.

 Мақсаты:

1.Балаларды қарлығаш құсымен таныстыру.

  1. Маусымдық өзгешіліктер туралы түсініктерін бекіту, қарға мен сауысқанды сыртқы түріне қарай ажырата білуге үйрету.

3.Құстарға қамқорлық болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қарлығаш, қарға, сауысқан  басқа да құстар суреттері.

Тілдің үштұғырлығы: Қарлығаш-ласточка

Қарға-ворона

Сауысқан-сорока

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
 Мотивациялық-қозғаушылық  кезең.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын

Топтық жұмыс.

Рефлексивті-түзетушілік

Тақпақ

Құстар келді қиқулап

Ағаштарға қонақтап.

Үніменнен сиқырлап,

Жанына жоқ,жолатпақ.

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз!

Жайнай түсті даламыз!

Алақан жылуы арқылы бір-біріне құстардың атымен еркелетіп жақсы сөздер айтқызу.

Жұмбақ жасыру.

Бұдыр-бұлдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа

Үй салды жабыққа.

(қарлығаш)

-қарлығаш екенін қайдан білдіңдер?

-Қарлығаштың суретін тапқызу сипаттату.

Жетелеуші сұрақтар қойып, ойларын толық айтқызу.

-Жыл құсы деп қандай құстарды айтамыз?

-Тағы да қандай жыл құстарын білесіңдер?

Жұмбақ

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Қыпылықтап жүргені.

(сауысқан)

Қара түсті қарқылдақ

Ұшып қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тқмдап.

(қарға)

«Құстар қалай ұшады»

Ойыны

Қарға ұшар қарқылдап,

Торғай ұшар шырылдап,

Сауысқан ұшар сақылдап,

Қарлығаш ұшар  шықшықтай.

-Қарға мен сауысқан жыл құстарна жата ма?

«Кім тез»

Мақсаты: құстар туралы білімдерін жетілдіру.

Кішкентай карточкаларға әр түрлі құстар, үй жануарлары, үй құстары, т.б. суреттер салынған. Балалар  оларды жіктеп, тақырыпқа сай жинастырулары қажет.

«Құстар біздің досымыз» өлеңімен қорытындылау.

Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға ұя саламыз

Жем-су беріп қыс бойы

Балапанын бағамыз.

Мақтау, достарын бағалату.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап бір-біріне құстардың атымен жылы сөздер айтады: көгершінім, бұлбұлым, қарлығащым, балапаным т.б.

-Қарлығаш.

-Қарлығаш ұяны балшықтан жасайды.

-Бұл- қарлығаш оны орысша ласточка дейміз, оның бауыры ақ түсті, құйрығы айыр құс, ол күзде жылы жаққа ұшып кетеді, оны жыл құсы дейміз.

-Күзде жылы жаққа ұшып кететін  құстарды, жыл құстары дейміз.

Білетін жыл құстарын атайды.

Балалар жұмбақ шешуін тауып, суретіне қарап сол құс туралы толық сипаттайды.

Балалар құстардың дауысын келтіріп ,қимыл қозғалыстар жасайды.

-Қарға мен сауысқан қыстан қорықпайтын құстар, олар жыл құстарына жатпайды.

Балалар үш топқа бөлініп суреттерді жіктеп, тақырыпқа сай жинастырады. Тез жинаған топ ұтады.

Балалар өлең сөздерін бірге қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қарлығаш құсын.

Нені игереді: Сауысқан мен қарғаны сыртқы түріне қарай ажыратады.

Нені біледі: Жыл құстарын

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 77 оқылым