Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құндылықсыз заң

Мейрамбек Ерболатұлы
3 мин оқу 35 оқылым

Құндылықсыз заң

Қауіпсіздікті құжат қамтамасыз ететін заманда шекараны шектеу деп білмейтін адамзат үшін азаматтық мәселесі өзекті бүгінде. Заң да, заман да өзгеріп, шимай-шатпаққа айналып кеткендей. Нүктесі қойылмай келе жатқан мәселелер уақыт өткен сайын шешімін таба ма десек, керісінше жаңа проблемалар пайда болып, ушығуда. Нақтырақ айтсақ, өзге елдің азаматтары ҚР азаматтығын алу үшін ойланбайтын да болды. Қалаған кезде алып, қалаған нәрсесін жасай алады. Адам құқығын шектемеу дұрыс-ақ, әрине. Алайды ұлттың құндылықтарын соңғы орынға түсіріп тастау қате тірлік екені айқын.

Әлде бұл Ресейден келген тенденция ма? Ресейде шетелдіктердің азаматтық алуын жеңілдететін федералды заң күшіне енген болатын. Тиісті федералды заңға президент Владимир Путин 2020 жылы 24 сәуірде қол қойған еді. Жаңа заң өз елінің азаматтығынан  бас тартуды талап етпейді. Ресейде ықтиярхаты бар Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтары елде тұру мерзімін сақтамастан азаматтыққа өтініш бере алады. Еліктеушілік пе? Немесе көршіміздің саяси ықпалы ма? Сұрақ ашық қалсын...

Ал, қазіргі өзгеріп, "кемеліне келген" заң мынадай:

ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес  азаматтық:

  • тууы бойынша;
  • ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
  • ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
  • осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

«Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес ҚР-ның азаматтығына:

  • Қазақстан Республикасында кемінде бес жыл тұрақты тұратын адамдар (азаматтық алу туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы керек) немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған (кемінде 3 жыл);
  • Бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, жақын туыстарының бірі - Қазақстан Республикасының азаматтары: бала (асырап алынған баланы қоса алғанда), жұбайы (әйелі), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), әпке, ағасы, атасы; немесе әжесі, Қазақстан Республикасында болу мерзіміне қарамастан.

«Азаматтық туралы» Заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен қабылданады:

Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:

  • тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;
  • тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілгенкүннен бастап үш айдан аспауға тиіс. Қазіргі уақытта жеңілдетілген тәртіп мынадай адамдарға қатысты әрекет етеді:

  • Ресей Федерацисының азаматтары;
  • Беларусь Республикасының азаматтары;
  • Қырғызстан Республикасының азаматтары;
  • ҚР-ның азаматымен некеде тұрған шетелдіктер.

Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұрақты тұруға келетін өз азаматтарына  мынадайшарттардың бiрi болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:

  • егер өтініш беруші Белорус СОР, Қазақ СОР, Қырғыз СОР немесе РСФОР азаматы болып, бір уақытта бұрынғы КСРО азаматтығында болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін азаматтық алатын екiншi Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрып жатса;
  • егер өтiнiш берушi немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, атасы немесе әжесi азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрған болса немесе өтiнiш берушiнiң азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бiр жақын туысқаны: ерi (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, баласы (оның iшiнде асырап алғаны), апасы-қарындасы, ағасы-iнiсi, атасы немесе әжесi, немересi (немере қызы) болған жағдайда
  • ҚР аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және ҚР азаматымен некеде тұрған шетел  азаматшысы

Жеңілдетілген тәртіп азаматтық алатын мемлекет  аумағында тұру мерзiмiне қарамастан басқа мемлекет аумағында тұрақты тұратын аталған мемлекеттердің  азаматтарына қолданылады.

Тілді білмейтін, елдің тарихы мен мәдениетінен бейхабар, тұрақтап та, танып та үлгермен шетелдік азаматтарға азаматтығымызды ала ғой деп бере салу құндылықтарымызды құнсыздандырып жіберді. Құшақ жая қарсы алғанмен, қысым көрсетпей қиыстырып, реттеп алуға болады бұл жағдайды. Әрине, ол үшін заң приоритет ретінде экономика мен саяси тиімділікті емес, ұлттық құндылықтарды тануы тиіс. Қанша дегенімен Конституция Қазақстан республикасының игілігіне, қазақ халқының игілігіне жұмыс жасауы тиіс.

Сыдықбек Мейрамбек

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мейрамбек Ерболатұлы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Сіз қай елдің азаматысыз?»

Мақалада азаматтық ұғымы мен борышы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» заңын қайта қарау ұсынысы және бірқатар елдегі азаматтық алу талаптары сөз болады.

Мейрамбек Ерболатұлы 9 мин 30 оқылым
Жалпы рубрика

Тәрбие тағылымы

Мақалада қазақы тәрбие, ата-ана мен әулеттің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты халық мақалдары сөз болады.

Мейрамбек Ерболатұлы 2 мин 76 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым