Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құм терапиясын қолдану арқылы сөйлеу тілін дамыту

Автор

Жанар
2 мин оқу 33 оқылым

Сабақтың тақырыбы: «Құм терапиясын қолдану арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды құммен таныстыру, оның түрі, түсі туралы түсінік беру. Құммен  жұмыс жасауға үйрету.Күз мезгілінің ерекшеліктерін айта алуға үйрету.

Дамытушылық: артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы артикуляциялық қимыл-қозғалысын дамыту.Тыныс алу жаттығуын жасау арқылы сөйлеу тынысын дамыту. Құмның бетінде сурет салу арқылы ұсақ қол қимылын және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: баланы құммен ойнау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жан-жақтылық қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар,сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: құм, түрлі-түсті құм, айна, сүрткіш,тыныс алу жаттығуына арналған  түтікше мен қолғап,  ноутбук, мнемокесте үлгісі , күз мезгілінің суреттері, қысқыш.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын алайық

Жиналған бар жылуды

Қонақтарға шашайық.

2.Баланың көңіл күйін сұрау

 Көңіл күйіміз жақсы болса, ендеше сабағымызды бастайық.

3.Артикуляциялық жаттығу: «Тәтті тағамдар»

Шарты: Бала тәтті пішіни, кәмпит, жемістердің көмегімен тілге арналған жаттығуларды жасайды.

«Түтікше» жаттығуы- тілді шығарып түтікше түріне енгіземіз.

«Бақа»- тістерімізді біріктіріп, жымию.

«Терезе»- ауыз үлкен болып ашылады.

«Піл»- ернімізді біріктіріп алдыға қарай қатты созылады.

«Кесе»- ауызды кең ашып жалпақ қалыптағы тіл жоғарыға көтеріледі де кесенің формасы жасалады.

«Сағат»- тілімізді алдыға шығарып оңға-солға, жоғары-төмен қимылдата отырып жаттығуды жасау.

4.Тыныс алу жаттығуы: «Алақан» жаттығуы

Шарты: Балаға алдын ала дайындалып қоиған колғаптан жасалған, түтікшесі бар алақан тәрізді ойыншық беріледі.Бала терең тыныс алып ұзақ дем шығару арқылы түтікшемен үрлейді. Сол кезде алақанның формасы шығады.

I.Жаңа сабақ

Бүгін біз құммен ерекше қызықты сабақ өтеміз.

Сабағымызды бастамас бұрын құммен оинаудың ережесімен танысып алайық.

1.Құмды шашуға  болмайды.

2.Құмды аузымызға салуға  болмайды.

  1. Құм қолымызбен бетімізді, көзімізді ұстауға болмайды.
  2. Құммен ойнап болған соң міндетті түрде қолымызды сүртуіміз керек.

Нұрасыл алақанымызды ашып құмға қояйық. Енді құмды алақаныңмен сипап көрші. Қолымызға құмды алып оны сеуіп, қысып көрейік. Құм қандай екен жайлап.(кедір-бұдыр,жұмсақ, құрғақ,шашыраңқы). Енді бір-біріміздің алақанымызды құммен жауып көрейік .

Құм-нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм -сусымалы зат.Құм-өте ұсақ ақ түсті, сары түсті, қызғылт түсті болады.

II.Негізгі бөлім:

5.Дидактикалық ойын: «Сиқырлы саусақ»

Шарты: бала саусағының көмегімен бірінші ауада кейін құмның бетінде күз мезгілінің суретін бейнелеп, әңгімелеп береді. Күз мезгілі туралы тақпақ айтады.

Күз

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді

III.Сергіту жаттығуы: Логоритмика «Алақай».

  1. «Қиялдағы ертегі» мнемокесте бойынша.

Шарты: бала мнемокестенің үлгісі бойынша құмның астына жасырылған суреттерді қысқыштың көмегімен ашып, кейін сол суреттер бойынша өз қиялындағы ертегіні құрастырып айтып береді.

7.Ойын: «Күзгі ағаш»

Шарты: бала түрлі түсті құммен ертегі желісіндегі күзгі ағашты қасықпен алып асемдейді.

Қорытындылау:

-Ертегіде қандай кейіпкерлер болды.

-Бүгінгі біздің құммен сабағымыз саған ұнадыма?

-Қандай әсерде болдың?

-Қандай ойындар ойнадық?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Методика проведения подвижной игры для младшего дошкольного возраста.

Материалда кіші жастағы балаларға арналған қимылды ойындарды таңдау және өткізу жолдары, балаларды алдын ала дайындау мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру тәсілдері сипатталады.

Жанар 49 оқылым 4 мин
Қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» мен «Маса» жинақтарындағы ағартушылық ойлар, халықты білімге, еңбекке және адамгершілікке шақыруы сөз болады.

Жанар 91 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

«Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

Сынып сағатында қыз баланың әдептілігі, инабаттылығы мен ұлттық тәрбиесі сөз болады. Материалда мақсат, көрнекілік және қыздарға арналған кеңестер қамтылған.

Жанар 85 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин