Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қош бол,алтын ұя мектебім!

САРА НАРБОТАЕВА
1 мин оқу 47 оқылым

                       Қош бол,алтын ұя мектебім!

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін алтын ұя мектепті бітіріп,балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған,жүрегіміз лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер яғни біздер үшін ең бір қымбат,ең бір қимас,ең бір ұмытылмас күн…

Бүгін міне,Әйтеке би атындағы орта мектебін 24 түлек болып түлеп ұшып барамыз.Қолымызда мектеп бітіргеніміз туралы аттестат.Алдымызда сырлы өмір,нұрлы болашақ.Көңіліміз алып ұшып қобалжуға толы.Біз мектебімізбен,ата анамыздай әлпештеген ұстаздарымызбен ғана емес,балалығымызбен де қоштасып жатқандаймыз.Кеше ғана мектеп бітіру салтанатына дайындық үстінде едік,енді міне бұл күнгеде жеттік.Қимастық сезімі…Қайтадан құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін есту бақыты бұйырмайтыны еске түскенде,көз жасынды ұстау мүмкін емес.Биылғы түлектердің бағына орай,елімізде  карантин режимі алынып,ашық алаң,ашық аспан астында мектеп бітіру бақыты бұйырыпты!

Менің сыныптас достарым! Сендерде алдағы уақытта тек қана сәттілік  болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!Сыныптастарым қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық.

Аяулы мектебім біз саған әр кезде оралып тұрамыз. Саған келіп сағынышымызды басамыз,балалық шақтың естелігімен қауышамыз.

Ендігі кезектегі басты сынақ-ҰБТ.Мақсатымыз-жоғары балл жинап,армандаған оқу орнына грант иегері атанып түсу.Барша сыныптастарыма сәттілік!

                                                         Сара Нарботаева

                               Әйтеке би атындағы орта мектептің

                                                         11 сынып оқушысы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

САРА НАРБОТАЕВА

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым