Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоршаған ортаны қорғау

Мақпал
2 мин оқу 49 оқылым

Қоршаған ортаны қорғау – көпшіліктің ісі.

Адамзат баласы өзінің керек жарақтарына табиғатты пайдалана отырып, оған  тигізіп жатқан зардаптарына да мән бере бермейді.  Сонда біз тек қана өзімізді ойлап, келешек ұрпақтың өміріп ойламай жатқандығымыз деп түсінсе болады. Біз барлығымыз да табиғаттың бір бөлігі болып табылатынымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан қателіктер жіберуге болмайды.  Адамзат өркениеті біздің планетамыздың қоршаған ортасына көп уақыттан бері зардабын тигізіп келеді. Ежелде адамдар ауылдық жағдайда тұрғандықтан одан шыққан қалдық зат табиғи болған. Ал, қазіргі таңда  кәсіпорындар көбейгендіктен табиғатпен бір болып кете алмайтын улы қалдықтар шығарылып жатыр. Мысалы, шыны, пластик және т.б. Олардарға күнделікті тұрмыста өте қажет зат болғанымен табиғатқа кемшілігін тигізеді. Осындай пластиктерден тұратын қалдықтарды көруге болады. Олар суқоймаларға, аңдар мен жануарларға зардабын тигізуі мүмкін.

Сонымен бірге суаттарға ағызып жіберетін  химиялық тыңайтқыштар мен препараттар құстар мен балықтарға зардабын тигізеді. Көптеген зауыттар өздерінің жұмыс жасау салаларында зиянды қалдықтарын ағызып жіберуді жөн көреді. Зауытқұбырларынан, транспорттардан шыққан түтін басым болып кетті. Осының барлығы қышқылды жаңбыр пайда болуына ықпал тигізіп, ауа мен топырақтың ластануына алып келді. Ол өз кезегінде адамдардың түрлі ауруларға шалдығуына себеп болып отыр.

Жиһаздар мен қағаз әзірлеуге орманның көптеген ағаштары кесіледі. Ал ол өсімдіктің оттегі бөлуіне кері әсерін тигізеді.  Осы кемшіліктердің алдын-алу үшін барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет деп ойлаймын. Мысалы қоқысты тек қоқыс салатын жәшікке тастап, айналада шыны, пластиктер жатса оларды елемей кетпей, жинап алып қайта даярлау пункттеріне апарып өткізу керек.  Балалармен бірге отбасы болып демалып серуендейтін саябақтарды қоқыс орнына айналдырсақ, өзімізге жаман көрінеді деп ойлаймын. Мүмкін болса, көліктердің орнына велосипедтерді пайдаланса өте жақсы болар еді. Себебі велосипед пайдалану денсаулыққа да пайдасы тиеді. “Бір тал кессең – он тал ек” деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей айналамызды жасылдандыру жұмысына кірісіп, жас ағаштарды отырғызып, гүлдендіре бергенге ештеңе жетпейді деп ойлаймын. Осындай шараларды жүзеге асыратын ұйымдар көп құрылса нұр үстіне нұр болар еді.  Біз қоршаған ортаны қорғайтын болсақ, алдымен өзіміз өмір сүретін ортаны тазалаудан бастайық дегім келеді.

Мақпал Тулбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мақпал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Әңгіме оқимын. Сөз.

1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағында оқушылар тыңдалған мәтінге пікір білдіріп, сурет бойынша әңгіме құрайды және сөздегі буын санын анықтайды.

Мақпал 4 мин 735 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым