Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

айгерим
3 мин оқу 232 оқылым

«Қонжық» тобының ұйымдастырылған
оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Сенсорика
Тақырыбы: «Қонжыққа көмектесейік»
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: домалақ
Керекті құрал жабдықтар: магнитті тақта, түрлі - түсті магниттер, әр түрлі ойыншықтар, суреттер, Қонжық.
Билингвалды компонент: доп – мяч, қонжық - медвежонок

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қане, шеңбер құрайық
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған бар шуақты
Бір - бірімізге сыйлайық

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Қане, күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

«Ғажайып сәт»
- Балалар, бүгін бізге тағы бір қонақ келмекші еді, көрінбейді ғой. Қане, әйнек жаққа қарайықшы, бар ма?

- Енді есік жаққа қараңдар (Қонжықпен балаларды амандастыру және таныстыру. Қуыршақ Қонжықтың балалардан көмек сұрай келгенін айтамын.
- Балалар, Қонжық шарларды әдемілеймін деп магниттерді дайындап қойғанда қатты жел соғыпты да, магниттер араласып кетіпті. Енді ол қай магнитті қай шарға қоятынын білмей жылап отыр.
- Балалар Қонжыққа көмектесейік пе?

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

-күз
-3 ай
-қыркүйек, қазан, қараша

-күн бұлтты, салқын, жаңбыр болады, жапырақтар ағаштардан түседі, жапырақтардың түсі сары болады.

(Балалар әйнек жаққа мойындарын бұрады)
- Жоқ.
Ол жақтан қонжықты көреді

(Көмектесуге келіседі.)
Ұйымдастыру-іздестіру 1 - ойын: «Әсем шарлар»
Шарларды сол түстес магнитпен әсемдеу.

- Балалар, қызыл шарға қандай магнитті орналастырдық?
- Ал көк шарға ше?
- Балалар, назар аударыңдаршы, магниттер көп пе, аз ба?
- Ал шарлар ше?
Қонжық: рахмет сендерге балалар, маған көмектестіңдер, енді сендердің қастарыңда жүріп көп нәрсе үйренгім келеді. Маған үйретесіңдер ме?
Ал мынау не?
-түстері қандай?
Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.
2-ойын
Ойынның аты: «Мунараны қурастыр»
Кім, тез, шапшаң, дурыс мунараны қурастырады. (2 бала шығару)

3 - ойын:
Үстел үстінде көлемдері әртүрлі ойыншықтар жатады. Қонжықты сол жерге жақындату және ең кішкене ойыншық допты тауып беруін сұрау.
- Балалар, Қонжық мына ойыншықтардың қалай аталатынын және олардың қайсысы кішкене, қайсысы үлкен екенін айыра алмай тұр. Сендер айта аласыңдар ма?

Билингвалды компонент: доп - мяч

Сөздік жұмыс - домалақ

Саусақ жаттығуы:
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Тәрелкені сындырдың
Үстел үстін бүлдірдің

Д\о: «Ұқсас заттарды тауып бер».
Мақсаты: балаларға бір затты көрсету, балалар алдарында тұрған суреттерден соған ұқсас затты көрсетеді. Мысалы: шар. Оған ұқсайтын доптың, күннің, алманың т. б. суреттерін көрсетулері керек.

- Балалар, Қонжық сендерге өте риза болды, балабақшада көп нәрсе үйреніпсіңдер. Енді балабақшаға мен де келем деп отыр. Ал қазір онымен қоштасайық. Магнитті тақтадағы салынған шарларға сол түстес магниттерді жапсырады
Қызыл магнитті
Көк магнитті

Магниттер көп
Шарлар аз

иә
мұнара
қызыл,сары, көк

ойынды қызыға ойнайды.

Балалар тұрған ойыншықтарды атайды, санайды және үлкен - кішісін көрсетеді.
Балалар «доп - мяч» деп қайталайды

Балалар екі қолдың саусақтарының бастарын біріктіріп доптың пішініне келтіреді, қол қимылдарымен домалаған доптың қимылын көрсетеді

Ойынды қуанып ойнап шығады

Балалар Қонжықпен қоштасады.
Рефлексивті-түзетушілік - Біз бүгін кімге көмектестік?
- Айсұлуға көмектеспесек не болар еді?
Балаларға Қонжыққа көмектесіп жақсы іс жасағандарын, үнемі бір - біріне көмектесіп жүрулері керектігін айтып мадақтау. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түсті ажыратуды, аз - көп ұғымдарын, үлкен - кішкене ұғымдарын, салыстыруды;

Игереді: ойлай білуді, қойылған сұраққа толық жауап қайтару керектігін;

Меңгереді: қайырымдылық жасауды, бір - біріне көмектесудің жақсы іс екендігін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

айгерим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Әйгерім Марат. Өміріңізді өзгертетін топ 5 психологиялық кітап

Психология мен жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған үздік бес кітап туралы шолу. Эми Морин, Дейл Карнеги, Клейтон Кристенсен және Кен Робинсон еңбектері таныстырылады.

Айгерим 2 мин 33 оқылым
Балабақша

«Мандала мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудегі арт-терапияның инновациялық әдістерінің бірі ретінде»

Материалда мандаланы бояу мен жасау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін, шығармашылығын және ішкі күйін үйлестіруге арналған тәсілдер қарастырылады.

Айгерим 6 мин 140 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 13 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин