Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Қоңырқаз" құпиясы

Төлегенова Айнұр
1 мин оқу 177 оқылым

   Миф – адамзат сенімінің негізгі көрінісі. Мүмкін емес шындықтың өміршеңдігі іспеттес. Әрі астарлы ойды айқын жеткізуде орны бөлек. Миф – бағзы заман аңыздары болғанымен, қазірге дейін өз күшін жоғалтпаған ұғым.

Қазақ әдебиетінің дамуы мен жан-жақты жетілуіне ықпал етуші ақын-жазушылар шығармалары халық арасына кеңінен таралуда. Айгүл Кемелбаеваның "Қоңырқаз" туындысы – қазіргі қазақ әдебиетінің күйін, мүмкіндік пен артықшылығын паш ететін бірден бір туынды. Тәрбиелік мәні аса жоғары.

Автордың миф кейіпкерін деталь ретінде ғана ұсынып, шығармаға өміршеңдік беруі – нағыз жетістік. "Сәби періштелер" сырын кішкентай қыздың ғана ұғынып, өз ерекшелігін түйсіне алуы, бұл дүниеден байыз таппай, жан қалауына ұмтылуы шағын ғана әңгіменің желісін шарықтата түседі. Хорланның физикалық халі шындыққа жат, дегенмен оқиғалар тізбегі мифологиялық кейіпкерлерді есепке алғанда аса нанымды кескінделген.

«Тәрбие» ұғымы аталмыш шығарманың өн бойында астасып жатыр. Қаршығаның ауылына оралып, некесіз баланы дүниеге алып келуі, обал мен сауаптап жұрдай күйге жетуі – осы туындының негізі, баса көңіл аударатын тұсы. Қаз жұмыртқаларын ұрлап ішкеннен қарғысқа ұшырауы оқырманды ойлантары анық. Өзімен қоса қызына қиындық туындатқаны әлеуметтік оқиғаның бір пұшпағы. Ал үйді айнала мұңлы дауыспен ұшып өткен бір топ қазға қарап, жамандықтың нышанын аңғаруға болады. Бұл – сенім. Мифтің сарқыншағы деуге толық негіз бар. Жаратқанға жалбарыну, сенім арту да осы қатарды толықтырады.

Бейкүнә қыздың Көкке көтерілер сәті оқырманды толқытып һәм тыныштандыратындай. Себебіне келсек, автор жаны кіршіксіз таза «қанатты қыздың» ақ парақтай көңіліне кірбің түсірмей, мейірімсіз қоғамнан құтқаруға тырысқаны байқалады.

Шығарма оқырманды қайран қалдырып, өзгеше сезімге бөлейді. Өмірлік кеңестер, түсінген адамға, ұмытылмастан жаңғыра береді.

Айгүл Кемелбаева шығармашылығында тәрбие мен танымның қатар өрілуі – қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрініс. Ізденіс пен ұмтылыстың жемісі.

Төлегенова Айнұр Талғатқызы

ҚазҰПУ студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Төлегенова Айнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым