Мазмұнға өту

Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер

Bilimger Media 3 мин оқу 584 оқылым

Түркістан облысы

Арыс қаласы

№376 бастауыш мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

УтебаеваКамилаАкыновна

Пәні. Көркем еңбек Мектеп:№376 бастауыш мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: УтебаеваКамила
СЫНЫП: 1 Қатысқандар:                                                       Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.4. Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.

1.2.4.1. Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

Ойлаудағдылары Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі Қазақтың ұлттық мәдениетін түсінеді, элементерін қолдана алады. Қауіпсіздік техникасын сақтайды.
Тілдік дағдылар ОЮ-ӨРНЕК   УЗОР  PATTERN, аяққап,  текемет, сырмақ, торсық, камзол
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Жағымды көңіл күй туғызу

3 минут

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Балалар, сендер қандай жерлерге, қандай қалаларға, қандай елдерге саяхаттағанды жақсы көресіңдер?

Біздің Отанымыз қай ел? Біздер қай елде тұрамыз? Біздің елде қандай ұлттар тұрады? Біз қандай ұлтпыз?

Бүгін біздер өз Отанымыз Қазақстан еліне саяхаттаймыз.

-          Қазақ ұлтына тән не білесіңдер?

Ендеше, балалар біз видеожазбаны тамашалайық.

Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

 20 мин

Жаңа тақырыпты ашу.

Бүгінгі сабақта не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауабы.

Сабақтың мақсатымен танысу. Бағалау критериін анықтау.

-          Ұлттық ою-өрнектеріміз жайында не білесіңдер?

(Көрменің жанында балалармен әңгімелесу)

Ұлттық  ою - өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

  1. Жан жануарлар  тектес  ою - өрнектер.

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

2. Гүл – жапырақ  өсімдік  тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық  гүлдің  бірбеткей  бейнесін  бейнелейтін  өрнек.

Көбелек – қанатын  еркін  жайып, көсіле  ұшқан

гүлді   көбелектің  үлгісіндегі  өрнек.  Шай

дорбаға, аяққаптарға  істетіледі.

3. Космогониялық  ою - өрнектер.

Жұлдыз – аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздардың  натуралы  қалпын  бейнелейтін  және  бес  жұлдыздың  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

4. Геометриялық  ою - өрнектер.

Ботакөз – сыртқы  пішіні  ботаның  көзіне  ұқсап  келетін  ромбы  тәріздес  өрнек.

Қарға  тұяқ – қарғаның  басқан  ізінің  үлгісіне  ұқсатылып  жасалған  өрнек.  Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады.

Әр ою - өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

видеоролик

Көрме

Слайд, түрлі ою-өрнектердің суреттері

 

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту.

Рефлексия

17 мин.

(Т)Тәжірибе жасау

Жеке, жұптық жұмыс. Қауіпсіздік техникасы жөнінде айтып өту.

Әр оқушыға тапсырма беру.

1-оқушы: Камзолдың үлгісін ою-өрнектермен безендіреді.

2-оқушы: Сырмақтың үлгісін ою-өрнекпен сәндейді.

3-оқушы: Киіз үйдің үлгісін оюмен сәндейді.

4-оқушы: Торсықтың үлгісін ою-өрнекпен безендіреді.

5-оқушы: Сәукеленің үлгісін ою-өрнекпен сәндейді.

Дескриптор :

-Үлгілерді дайындау арқылы ою-өрнектерді қолданады.

-Үлгіні дұрыс бастырып, қия алады.

- Жұмыстың ұқыптылығы.

- Қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Әр оқушылардың кері байланысы.

Жұмыс орнын тазалау.

Музыкалық фон

Қайшы, желім, қарындаш, ою-өрнек шаблондары, плакат

Дифференциация -  сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? Пәнаралық байланыстар

Музыка, Математика

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин