Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоғамның экономикалық өмірі

Тлеубаева Қанафия Умиржановна
2 мин оқу 596 оқылым

Тлеубаева Қанафия  Умиржановна

Сабақтың мақсаты: Экономика саласының қоғамда алатын орнын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:  Экономикалық процесте қоғамдық өмірдің маңыздылығын көрсету.

Дамытушылық:    Оқушылардың логикалық ой-қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Экономикалық жағдайда іскерлікке, шаруашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі:  оқулық, суреттер, кесте ,интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: география,экономика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

1.Әлеуметтік институттар ұғымы

2.Әлеуеметтік институттардың негізгі құрылымы

ІІІ.  Жаңа білімді меңгеру

1.Қажеттілік – қоғамның қозғаушы күші

2.Қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – өндіріс

3.Ресурстар

  1. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар— бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі - шектеулі (мұнай, көмір, т. с. с). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

Қажеттердің түрлері

Қажеттерді бөлу белгілері Қажеттердің түрлері
Тарихи орнына қарай 1)Бұрынғы; 2)Қазіргі; 3)Болашақ
Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес 1)Түгел; 2)Жартылай; 3)Қанағаттандырылмаған
Қалыптасу қарқынына қарай 1)Сирек; 2)Тұрақты; 3)Өте жиі кездесетін
Қажетті қанағаттандыру жолына қарай 1)Күрделі; 2)Оңай
Қалыптасу түріне қарай 1)Ашық; 2)Бүркемелі

А.Маслоудың қажеттіліктер

пирамидасы

.

  1. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Олар:

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар — дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қоғам қажеттіліксіз экономикалық салада дамымаушы еді – тұжырымдамасына келісесіңдер ме?
  2. А.Маслоу қажеттілік пирамидасын түсіндіріп бер.
  3. Қоғамдық өндіріс процесінің маңыздылығын айтып бер.
  4. Ресурстардың қандай түрлері бар?
  1. Үй тапсырмасын беру:Қоғамның экономикалық өмірі
  2. Бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тлеубаева Қанафия Умиржановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 009 оқылым