Мазмұнға өту

Қоғамдық көліктегі қолайсыздықтарға кім кінәлі?

Маржан Нурмухамедова 3 мин оқу 39 оқылым

Айналамызда қоршаған орта, жеке бір әлем, қайнаған тіршілік болып жатқандықтан әр адамның өмірге деген жеке бет алыстары бар. Бөлек армандар, жеке тұлғалар, әр түрлі мақсаттар болғанымен, барар ережеміз - бір. Иә, бәріміз де жер ғаламшарының тұрғылықты тұрғыны ретінде ортақ заңға бағынуымыз керек. Әсіресе, қоғамдық орындарда келеңсіз жайттарға тап болмау үшін, мәдениетіміздің жоғарғы сатысын барымызша көрсете алғанымыз жөн. Әсіресе, қоғамдық көліктерде.

Қазір өкінішке орай қоғамдық көліктерде келеңсіз жайттарға жиі ұшырасып жатамыз. Мәселен, үлкендерге орын бермеу, бір-біріне агрессивті мінез-құлқын көрсететін қоғамның қарасы қалыңдап келе жатыр. Бірақ кей құрметті қарттарымыз қоғамдық орында өз қадірін кетіріп алып жатқанына да бірнеше рет куә болдым. Оған мына мысалым дәлел болады.

Баратын жеріме қатынау үшін үнемі уақытынан ерте шығып, автобусқа отырамын. Жұмыс күндері таң ертесінен-ақ адамдар лық толы болады. Сол үшін көп жағдайда тұрып тұруға тура келеді. Тіпті бұл жағдайға етім үйренгені сонша, автоматты түрде орын бос болса да, тұрып тұруды әдетке айналдырдым. Енді сіздерге осы уақыттағы жағдайды баян етейін. Автобус аялдамаға тоқтаған кезде, толы адамдармен бірге әже де кіріп келді. Ажарына қарасам бетіне әжім кіргенімен, өзіне мән беретін, ширақ қимылдайтын жан екені көрініп тұр. Жас шамасы - 60-тан асқан деп топшыладым. Айтайын деген мәселем сырт келбетінде емес еді. Ол автобусқа міне салысымен автобусты басына көтеріп айқай сала жөнелді.

- "Қазіргінің жастары ұяттан безген, орын беруді ойламайды. Құрмет дегенді ұмытыпты. Әй, тұр орныңнан..."-деп көзі түскен орынға барып, әлгі қызды тұрғызып жіберді. Қыз ол аралықта не болғанын түсініп үлгермесе де, шошыған қалпымен орынынан атып тұрды. Негізі жас қыздың әжейгн қарсы сөйлеуге толық құқығы бар еді. Бірақ өзінің үлкенге деген құрметін көрсетіп, ақылдылығын танытты. Мен бұл көріністі көріп, қатты қынжылдым. Ойлап қарасаң, ол әженің автобусқа кіргені енді ғана. Әже айғай шығармаса да қызға ұрыс пен бұйрық бермей-ақ, көрген бойда орын беруші еді ғой.. Сондықтан әженің өзі орынды деп санаған қылығы орынсыз болды деп ойлаймын.

Қазір көп жағдайда жастардың жаңа ағымға бет алғанын, тәртіпке түзелмейтінін айтып жиі шағымданамыз. Ал шын мәнінде жастар - үлкендерден тәлім алады емес пе?! Сол себепті, жастарды жекімес бұрын бір сәт алдыңғы буын да өзін түзеулері керек деп ойлаймын.

Жалпы қоғамдық орындарда жастардың барлығы дерлік қоғамдық ережелерді жақсы біледі. Тек көп жағдайда үлкендердің тарапынан қателік кетеді деп ойлаймын. Мәселен, ашулы көлік жүргізушісі мен қабағы қатулы кондукторлар көп. Олай болып жүруінің алғашқы себебі, таңнан кешке дейін дамыл таппай жұмыс жасауы. Әлбетте, олардың жұмысының қиындығын әр саналы адам жақсы түсінеді. Әйткенмен бұл жұмысты өздері таңдап, соған сай еңбек ақысын алып отыр емес пе?! Сонда ішіне толған ашуын өзге адамнан алу қаншалықты дұрыс?

Қоғам- үйден алған тәрбиенің тыста көрінер айнасы іспеттес. Оның жақсы жақ пен жарқын шаққа қарай ауысуы тікелей өзімізден басталады. Себебі, қоғамдық орындағы жымиған бір бейнеңіз - келесі адамның жанарына жылу ұялатады. Осылайша таралған кішкентай шұғыла үлкен нұрды құрайды. Ол нұрдың барынша кең өріс алуы үшін қоғамдық ережелердің емлесін жадыдан шығармағанымыз жөн.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Маржан Нурмухамедова

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин