Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоғамдағы педагог мәртебесі

Zhibek
3 мин оқу 39 оқылым

Педагог ол-ұлылардың ұлысы.Педагог-жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі.Ұлы тұлғаларды қалыптастырушыда осы педагог.Педагог тек ұстаз,оқытушы немесе белгілі бір пән мұғалімі ғана емес,ол өмір сабағынан дәріс беретін,рухани азықтандырушы.

Педагог болу оңай іс емес.Әрбір баланың бойындағы қасиетті аша білу,әрбір баламен қарым-қатынас құрып,сырласып,тілдесу,көптің қолынан келе бермейтін іс. «Ұстаз жүгі-ауыр жүк» деп айтатындардың сөзі бәлкім рас болар. «Бір әріп үйреткен ұстазыңа,қырық жыл тағзым ет» деген нақыл сөзді басшылыққа ала отырып, «қоғамдағы мәртебе» тіркесін педагог сөзімен ұштастыру оңайға түсетіні сөзсіз.Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесін 5 қазанда атап өтеді.Бұл дегеніміз ұстаз атты ұлы тұлғаның қоғамдағы мәртебесін айқындағанмен пара-пар.Ұстаздарды жылына бір болатын мерекесімен құттықтау әрбір адамның міндеті.Өйткені,үлкен басшыларда,атақты жұлдыздарда,қарапайым жұмысшыда ұстаз тәрбиесін алған.Жалпы кім болсада,ұстаздың алдында шәкірт болып қала береді ғой.Ұстаз болу төзіділікті қажет ететін,аса қиын мамандық,өйткені ұстаз білім беріп қана қоймайды.Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.Ұстаз болу аса ауыр болсада,оқушылармен сыр алмасу,бойындағы ауыртпалықты жеңілдетеді.Кез-келген адамның алғашқы ұстазы немесе сүйікті мұғалімі жайлы сұрайтын болса,езуінде күлкі,көзінде от пайда болып ерекше баяндайтыны сөзсіз.Меніңше бұл қоғамдағы педагог мәртебесі.Шәкірттінің ұстазын ұмыт қылмай,ол туралы жылы естеліктерді есіңде сақтау,педагог үшін керемет сезім екені анық.Заман қалай құбылса да,осынау бір ұстаз атта ұлы тұлғаға деген құрмет мәңгі сақталу керек.Бұл ұстаздың қоғам алдыңдағы мәртебесін көтеруге,ықпалын тигізеді.Негізінен алып қарасақ,ұстаз мәртебесін көтеру-сол ұстаздың өзіне байланысты.Сонау арғы замандағы Әль-Фараби атамыз өзінің білімділігінің,ойының ұшқырлығының арқасында,қазақ елінің алдыңда ғана мәртебесін көтеріп қана қоймай,бүкіл әлем алдыңда өз мәртебесін асқақтатты.Қазаргі қоғамда,өзінің шығармашылығы мен біліктілігін дамытып отыратын,өз жұмысына махаббатпен және қызығушылықпен қарайтын,жоғары білікті,заман тадабына сай ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие болады.Қиындығы да,қызығы да жетелік бұл мамандық жауапкершілікті аса қатты талап етеді.Ұстазбен қоғам арасындағы,нақтырақ айтатын болсам,ұстазбен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуда оңайға түсетін іс емес.Алайда,өз ісің сүйетін маман әрдайым биіктен көрінуге тырысады.Ал сол биікке жету жолыңда кездескен әрбір қиындыққа төтеп беруге барын салады.Ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Ісім онсын десеңіз,сол істің маманы болыңыз...» деген қанатты сөзі әрбір адамның өмірлік қағидатына айналу тиіс.Әрдайым қандай жолда жүрсеңізде,сол істің көшбасшысы болған жөн деп санаймын.Тек бәсекеге қабілетті,рухы биік жандар ғана топтың алдыңа шығып,қоғамдаға мәртебеге ие болады.Басқалардың сені жақсы көргенің қаласаң,алдымен өзіңді жақсы көруін тиіс.Дәл сол сияқты басқалардың сен сыйлағаның,құрметтегінің қаласаң,өзіңді сыйлауын,құрметтеуін қажетсің.Егерде өзге жандарға сөзін өтсе,яғни сені тыңдай білсе бұл сенің қоғамдағы беделінің артқаны.Меніңше дәл осы педагогтер өзгелерге сөзі өтетін,қоғамдағы мәртебесі жоғары жандар.Педагог-өскелең ұрпақтың бағыт-бағдарын жасаушы,жол көрсетшісі.Бұл жандардың қоғамдағы рөлін асқақтату меніңше әрбір шәкірттің міндеті.Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің алғаш мектеп ашқаның бәріміз білеміз.Қараңғы халықты біліммен сусыңдату арқылы,аты мәңгіге сақталады.Қалдырған еңбектерінің арқасында қоғамдағы мәртебиеге ие болды.Қазіргі таңдада,осындай ағартушы педагогтердің көп болғаның қалаймын.Егерде Ахмет,Ыбырай,Абй аталарымыздай еңбек жазып,жұмыс жасайтын болсақ,аттымыз өшпейді.Қоғамдағы мәртебиеміз мәңгі сақталатын болар еді.Осы тұста ұлы Абайдың:

«Ақырып жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуге балаға»,-деген өлең жолдары ойға оралады.Әрбір ұстаз шәкірттінің биіктерден көрініп,өмірден өз орнын тауып.бір кірпіш болып қаланып,жетістіктерге жетіп жатаса, «мынау менің шәкіртім» деп мақтанатыны сөзсіз.Жан-жақты білімділікті,шәкіртжандылықты талап ететін мамандық-ұстаздық мамандығы болғандықтан,сол ұстаздарды сыйлайық,құрметтейік.

Қорытыңдылай келе,еліміздің болашағы,ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпаққа байланысыты.Сол жас ұрпаққа білім беретін педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтерейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Zhibek

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым