Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоғамдағы білімнің алар орны

Досмурат Мерей
2 мин оқу 59 оқылым

Адамзат білім нәрімен сусындай отырып қана адами қасиеттерге ие бола алады. Егерде басқаша айтар болсақ, жалпы жануарлар негізгі инстинктпен өмір сүретін, күн көретін болса, адамзат пен қоғамның үйлесімділігін қамтамасыз ететін фактордың бірі - білім. Білім деп біз - қоғамдағы мәдени капиталды, мәдени жинақты жас ұрпаққа тапсыру ісі болумен бірге, келешек ұрпақтың өздеріне ұқсайтын адамдарды қалыптастыру үшін жасайтын іс-әрекеттерінің атауы деп білеміз. Жұмысты орындау барысында белгілі бір типтегі «идеалды тұлға» моделі қашанда көз алдымызда елестеп тұрары айдан да анық, және жас ұрпақты сол идеалды тұлғаға ұксатуға тырысамыз.

Соңғы I-II ғасырда білім беру саласында әлдеқайда демократиялық сипатқа ие болды, соның нәтижесінде білім барлық таптар мен топтарға қолжетімді болды. Бүгінгі таңда қоғам мен гуманизмнің білім беру жүйесінен не күтетіні бұрынғыдан да анық: әрбір қоғамда, өз білім беру жүйесінде әркімнің өздеріне тән ұлттық ерекшеліктерге бай «азаматты» қалыптастыруға ұмтылса, гуманизм бұл адамзатты «ортақ құндылықтармен» қолдауға міндетті, себебі «тұлға сияқты өмір сүру» тек жеке қоғамның емес, бүкіл адамзаттың, негізгі қажеттілігі.

Біріншіден айтар болсақ, бүгінгі таңда білім алу дегеніміз «мектепке дейінгі» үдеріске айналды. Сондай-ақ, мектеп бітіргеннен кейін де жалғасатын, тіпті «өмірінің соңына дейін білім алу» сынды идеалдармен көмкерілген болатын. Сөйтіп, «білім – адамның туғаннан өлгенге дейінгі өмірінің әрбір сәтінде туындайтын жағдай» деген ұғым қалыптасты.

Екіншіден айтар болсақ, білім ендігәрі мектептің, колледждің немесе университеттің өнімі емес. Оқу үрдісінде әлеуметтанушылар айтып жүрген «қосымша мектептерде» білім беру кезеңі басталды. Яғни, білімнің, басым бөлігі ресми мектептерде емес, осы «қосымша мектептердің» арқасында қалыптасады. Бала мектеп ортасынан тыс, яғни қоршаған ортасынан стимуляторларға ұшырайды, бұл үнемі назар аударудың салдарынан. БАҚ, медиа соның ішінде интеллектуалды технологиялармен жабдықталған БАҚ бүгінде балаларға арналған ең танымал «қосымша мектептердің» бірі болып табылады.

Бір сөзбен айтқанда, балаға қоршаған ортасы туралы білім беріледі. Бұл жағдай балаға сөзсіз әсер етіп, болашақта тұлғаның белгілі бір қасиеттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Ендеше, бүгінде «білім беру» немесе «білім» деген сөздің мағынасы бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді - бұл рас! Сондықтан да БАҚ бір жағынан мұғалімдерге «көмекші» болса, екінші жағынан - әртүрлі мәселелердің туындауының бастамасы.

Үшіншіден айтар болсақ, білімнің «мазмұны» толықсыды. Осы уақытқа дейін білім тек адамзаттың ғана ақылы немесе жады туралы болды. XVII ғасырда, XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Батыстағы білім беру «өркениетті адамнан» белгілі бір құндылықтарды ұстануды талап етті. Қазіргі білім беру адам өмірінің барлық салаларына енуге ұмтылады. Сонымен қатар, бүгінгі оқу-тәрбие процессі адамның сана-сезімін, мінез-құлқын дамытуды, оларға жетуге бағытталган іс-әрекеттердің адами мақсаттармен тұтастығын қамтиды: ұлттық мәдениеттердің байлығы мен құндылықтарынан бас тартпай, оларды жалпы құндылыктармен толықтыру; осы дүниедегі өз орныңды түсіну; болашақ, өз қолыңда екенін сезініп, оған деген сенімін арттыру.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Досмурат Мерей

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым