Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҚМЖ "Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі"

Автор

Джумагамбетова Зоя Султанбаевна
4 мин оқу 779 оқылым
Пәні: Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі
Пән оқытушысы: Джумагамбетова З.С
Топ: Уақыты: 3БББ-17 б/б,
Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану пәні бойынша оқу сабағының ҚМЖ құрастыру, фрагментін өткізу
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың  мақсат-міндеттері Ә) Ақпараттық құзыреттілік: Қысқа мерзімді жоспар туралы жалпы мәлімет беріп, түрлі пәндерден жоспарлар дайындауды үйрету

Б) Коммуникативтік құзыреттілік:  Сәйкестендіру, әдіс-тәсілдерді  талдау, іс әрекет алгоритмі бойынша   жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақтарды ұйымдастыру жөнінде білім мен іскерлік дағдыны  қалыптастыру.

А) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Өз бетімен үйренген әдіс-тәсілдерді орындау арқылы іскерлік қабілетін дамыту.

Сабақта қолданылған педагогикалық технологиялар: АКТ, топтық технология,  проблемалық оқыту технологиясы
Сабақтың типі: Жаңа  материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс Педагогика, жаратылыстану, критериалды бағалау технологиясы
Құндылықтар Ақиқат, дұрыс іс-әрекет, жан тыныштығы
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, машықтық, түсіндірмелі-иллюстративтік, проблемалық
Оқыту құралдары: Проектор, компьютер, технологиялық карта,  маркерлер, ватман, суреттер, бор
Сабақтың барысы: Оқытушы әрекеті Тыңдаушы әрекеті Оқу қорлары
І.Ұйымдастыру кезеңі

(5 минут)

Амандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексереді.

Тренинг «Сын есім»

Студенттердің  қолына қорап беріледі, алып өзінің бүгінгі көңіл күйін білдіретін  бір сын есім айту және осыған байланысты түсті таңдау арқылы топқа бөліну, топта психологиялық ахуал орнатады.

Амандасады,  жұмыс орындарын әзірлейді.

1.Студенттер психологиялық ахуал орнатады.

2.Кері байланыс: Жазылған жылы лебіздерден алған әсерімен бөліседі.

3.Тренинг соңында айтылған жылы тілектерімізге және сыйлаған жылы лебізімізге қол соғып қошемет жасап, жаңа жұмысқа дайындығын  білдіреді.

Топ студенттері сабаққа дайын.

Әр топқа бөлініп отырады.

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.

(5 минут)

Кіріспе сөз.  Mentimetr.com онлайн режімде сұрақ-жауап жүргізу.

1.Қысқа мерзімді жоспар дегеніміз не?

2.Қысқа мерзімді жосарды жасақтау үшін біз қандай құжаттарды басшылыққа аламыз?

3.Оқу бағдарламасының спиральді құрылымын қалай түсінесіз?

Сұрақтарға шолу жасап жаңа  тақырыпты түсіндіруге көшемін.

1.Студенттер оқытушының кіріспе сөзін  тыңдайды, жазып алады.

2.Жұмысты орындауға  қажетті құралдарды дайындап отырады.

3.Онлайн режимде сұраққа жауап береді.

Интербелсенді тақта, слайд,телефон
 

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

(10 минут)

ІҮ. Машықтық кезең.

(10 минут)

Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу;

- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

- мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтырады.

Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.

Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін.

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді.

1.Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алуы;

2.Сабақ мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар  ұсынуы және дескриптор жасақтауы;

3.Қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.

Жаратылыстану пәні «Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?»  тақырыбына ҚМЖ жасақтау үшін студенттерге бағдар және тапсырма беру.

1.ТАҚЫРЫПТЫҢ МАЗМҰНЫН АШУ ҮШІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРДІ  ЖИНАҚТАУ

2.ТАПСЫРМА ЖӘНЕ ДЕСКРИПТОР ЖАСАҚТАУ

3.ТАҚЫРЫПТЫ АШУҒА РЕСУРСТАРДЫ ЖИНАҚТАУ

Қысқа мерзімді жоспардың үлгісі тарқатылады,толтырылады.

- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударады;

- сабақты жоспарлауды жеңілдетеді;

- оқуды бағалауды жеңілдету;

- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.

сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдайды;

- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтиды

- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынады;

- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынады;

- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлайды.

Студенттер топ болып тапсырманы орындайды.

Орындалған жұмыс нәтижесін қорғайды.

Проектор, компьютер, технологиялық карта,  маркерлер, ватман, суреттер, бор

Оқулықтар, ноутбуктер, технологиялық карта,  маркерлер, ватман, суреттер, бор, флипчарт

Ү. Қорытынды бөлім. Білімдерін тексеру. Бағалау. 

(10 минут)

VI.Рефлексия

(5 минут)

Кері байланыс. Бағалау

Әр топ «WS» стандарты бойынша «В модулін» бағалау критерийлері  арқылы бағалап отырады.

Не білдім?

Не түсінбедім?

Қай сатыдамын?

Өз ой пікірлерін түрлі түсті жолақтарға жазып  «Жетістік ағашына» ілдіреді.

Сабақта мақсатқа жете алдым ба?

Жұмыс қорытындысын «WS» стандарты бойынша бағалау критерийлері  арқылы бағалап отырады.Екі топтың қорытынды баллын  жариялайды.

«Жетістік ағашы» әдісімен  рефлексия жасайды.

Бағалау парақшасы, түрлі-түсті ленталар

«Жетістік ағашы»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Джумагамбетова Зоя Султанбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Эссе

Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім

Эсседе автор ұстаздық мамандықты таңдауы, шәкірттеріне деген ықыласы және заманауи мұғалімнің кәсіби жауапкершілігі туралы ой бөліседі.

Джумагамбетова Зоя Султанбаевна 956 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин