Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазіргі қоғам дамуындағы жастар бойындағы дерт

Ардана Мухамбеткалиева
2 мин оқу 75 оқылым

Қазіргі қоғам дамуындағы жастар бойындағы дерт

Біз қазір дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Өмір сүру үшін, өзіңді жетілдіру жолында барлық жағдай жасалған десем қате айтпағаным деп есептеймін. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы болып табылатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру, елі мен жерін сүйетін тұлға болып қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Адамның дамуына тағы бір маңызды фактор - ортаның үлкен әсері бар екені түсінікті. Адамның ортасы қандай болса өзі де сол бағытпен жүріп отырады. Жақсы адам болып дүниеге келу әрине қуанарлық нәрсе, дегенмен жақсы тұлға болып қалыптасу ол адамның достарына, қоршаған ортасына тікелей байланысты болып келеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тағы бір фактор - бұл тәрбие. «Тәрбие тал бесіктен» деп қазақ бекерге айтпаған. Отбасы шағын мемлекет. Адам отбасында қандай тәрбие көрсе өскенде сол көргенін жасайды.

Жастар арасындағы проблемаларға жұмыссыздық пен интернетке тәуелділікті айтар едім. Жұмыссыздық туралы айтар болсам мемлекетіміз жұмыссыздықтың санын қысқартуға көп көңіл бөліп, бағдарламалар дайындап жатырғандығы барлығымызға белгілі. Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы –жастардың қолында! Жастар – ел болашағы. Ал, болашақ бағдарсыз болмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Сол себепті де дамыған заманның жастары үнемі ізденісте жүруі тиіс. Оқып, білім алып, көрген білгенін айналасына түсіндіріп, еліне пайдамды тигізсем деген оймен жүруі керек. Жастарға жол көрсетуші аға буын өкілдері өздері де сөздеріне сай болып ізденімпаз болса еліміз одан сайын гүлдене беретініне сенімім мол. Алдымызға қойған мақсатымыз әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатырына қосылып, мәңгілік ел болу. Осы жолда барлық Қазақстандықтар аянбай еңбек етуі тиіс деп есептеймін. Еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында, сондықтан да жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу әрбір адамның міндеті деп есептеймін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ардана Мухамбеткалиева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым