Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бердіхан Мұхамеджан
3 мин оқу 98 оқылым

Қазақтың тұңғыш журналына – 110 жыл

Баспасөз – халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда өткен ғасыр басында тұтанған оттай жарыққа шыққан «Айқап» журналының қазақ баспасөзі арасында алатын орны ерекше. «Айқап» – Қазақ халқының тарихында елеулі орны бар қазіргі қазақ медиа тарихының алғашқы баспалдағы атанған журнал. Сонау Патшалық Ресейдің құрамында болған кездегі қараңғылықта жатқан қазақ жұртына деген оятушылықтың алғашқы кезеңі деп білеміз. Сонау ғасырдан ғасырға созылған алпауыт мемлекеттердің даму жолына қарайтын болсақ осы баспасөз қызметі елеулі рөл атқарған. Сол өркениеттің дамуына, мәдениеті мен білімінің жаңа сатысына көтерілуге осы баспасөз қызметі сеп болған десек артық айтпағанымыз болар еді. Кез келген мемлекеттің баспасөз қызметі қандай деңгейде екенің білер болсақ, ол мемлекеттің ертеңі жарқын болашақта екеніне назар саламыз. Мінекей сол жолда талай сүрініп, аяғы ақсаған қазақ халқының да бүгінгі осы күнге жетуінде және оның тарихында көзге оттай басылатын, қоғамдық-саяси тұрғыда үлкен маңызға ие-болып тұратын ол –  «Айқап» журналы!

Осы жыл бұл қазақ халқының тарихында айрықша орын алар жыл десек қателеспек болармыз. Елбасы Н.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа арнаған Жолдауында осы мәдениет саласындағы мерекелер мемлекеттің тәуелсіздіктің мерейтойлы жылдарында өтуі керек деген болатын. Қазақ халқының маңдайына біткен ұлы, ел тәуелсіздігін аңсап өткен Мұхамеджан Серәлиннің бас редакторлығымен  патшалық ресейдің Троицк қаласында «Айқап» журналының шыққанына осы жылы 110 жыл толғаны баршаға аян екені анық. Троицк қаласында 1911-1915 жылдары шығып, сол кезеңдердегі елдің саяси-әлеуметтік ахуалын көпке көрсетіп, елдің мәдениетің дамыту мен даралау жолында атқарған істері мен қазақ халқының көкейінде жүрген сұрақтарды жарыққа шығарғанына куә боламыз. Осындай құнды тарихымызды зерттеу шыны керек тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда жүзеге асты. Осы кезекте тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа тұс келген  «Айқап» журналының 110 жылдығы – ұлт мәдениеті мен тарихындағы биік белес десек артық айтпаған болар едік.

«Айқап» – қазақ халқының тарихында ойып орын алатын тұлғалардың еңбектерін жазып көпке баян еткен журнал. Солардың тізімін түгендей келе кішігірім шолып өтсек: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Тілеулин, Ж.Сейдалин, Ш.Құдайбердіұлы, А.Жанталин, М.Жұмабаевтар сынды көзі ашық, сыни пікір ойлай алатын, қазақ халқына бағытталған өлең-жырлары жарық көріп, көпке ұсынылуына үлес қосқанда осы журнал.

Үнемі бақылауда болып, кейбір көтерілген мәселелер жарыққа шығармаған Патша өкіметі журналды жабуға арнайы себеп іздегені жасырын да жалған да емес еді. Патшалық өкіметтің билігін сынады деген жалған айып тағылып, журналды жауып тастап, бас редакторы М.Серәлиндей нар тұлғаны Сібірге айдауға да шешім  шыққаны тарих сахнасында қызыл әріппен жазылары сөзсіз. Аз ғана уақытта ұлттың мүддесін қорғай білген, қазақ халқының болашаққа деген айтулы арманы мен өткенге кеткен өкінішін, асқақ рухты халықтың биік болмысын әлемге таныта алған ғасыр бастамасы деп білеміз.

Қорыта айтсақ, өз заманында ұлттың рухын көтерген, халықтың көкейіне оймақтай ой сала білген туындының әрбір мұрасын, алтынға бергісіз құнды құжаттарын сақтау мына бізге парыз. Сол тарихи мұраларды сақтай отырып бүгінгі күнмен ұштастырып, қоғамның белгілі бір деңгейіне көтеру де мына біз өскелең ұрпақ қолында. «Айқап»  журналының 110 жылдығының Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл да бір тарихи есте қарарлық оқиға. Ал, «Айқап» журналы біз үшін ғасыр мұрасы дегіміз келеді.

Болат САЙЛАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның профессоры, т.ғ.д.

Мұхамеджан БЕРДІХАН, 1 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бердіхан Мұхамеджан

Пікірлер 7

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Диас

    Керемет мақала !
  2. Мағжан

    Тоқтамай,баса бер! Мақала керемет жазылған!
  3. Диас

    Қызық мақала !
  4. Жандос

    Осындай керемет макала жазатын студенттеріміз барда, Қазақстанның болашағына еш алаңдамаймын!!!!✊💪👏👏👏
  5. Айгуль

    Керемет👍🏻
  6. Айгуль

    Тамаша👍🏻
  7. Сара

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 27 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 084 оқылым