Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақтың тұңғыш дипломаты-Нәзір Төреқұлов

Әлімхан Ләзиза
4 мин оқу 27 оқылым

Әлімхан Ләзиза

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к.,доцент Р.С.Жақсылықбаева
Қазақтың тұңғыш дипломаты- Нәзір Төреқұлов

Халық өз атынан сөйлеген, елім деп еңіреген небір ерлерін бәйгеге қосқан. Солардың көбі сыннан сүрінбей өтіп, өз есімдерін халқының тарихына алтын әріптермен жаздырып қалдырған. Осындай мақтан тұтар, өмірі – мектеп, ісі – үлгі, жұлдызы – жарық, даңқы – асқақ ардагерлеріміздің бірі – Нәзір Төреқұлов.

Нәзір Төреқұлов өте жігерлі , білімге құштар тұлға. Болашақ кеңес дипломаты, мемлекет қайраткері, журналист, ғалым. 1892 жылы қазан айында Сыр бойының Түркістан өңірінде мақта саудасымен айналысатын дәулетті отбасында дүниеге келді. Әкесі Төреқұл заң және сауда қызметкері. Анасы Гүлбаһрам – тәжік қызы – аса діндар адам болған. Төреқұлдың үш баласының тұңғышы Нәзір, екінші ұлы Әбдіқадыр және Фатима атты қызы болды. Балалық, жастық шағын Қоқан қаласында өткеріп, осындағы медреседе, орыс–түзем мектебінде оқып, 1913 жылы Қоқан коммерция училищесінің сегізінші класын ойдағыдай аяқтаған жас Нәзір Мәскеу коммерция институтына оқуға түседі. Тек қазақ ұлтының ғана емес тұтас түркі жұртының қамын ойлап жоғын түгендеген Нәзір есімі Түркістандағы интернациона́л мектепке берілген . Бүгінде мұнда түрік ,татар ұлтының ұландары білім алады.
Нәзір Төреқұловтың оқу-ағарту саласындағы атқарған жұмыстары, айтқан сөздері, жазған мақалалары бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Кезінде ол елді сауаттандыруға баса назар аударып, бірінші кезекте жергілікті ұлттық мамандарды даярлауға ерекше мән берген еді. Осы ұлттық мамандар арқылы ұлттық мектептер ашуға, әр ұлттың өз тілінде білім алуына баса назар аударды.
Нәзір Төреқұлов Қазақстандагы алғашқы баспагерлердің бірі. Ұлт республикасында баспа ісін ұйымдастырушы болған ол Мөскеуде 1922–28 жылдары «Күншығыс халықтары Орталық баспасында» бас редактор болып істеді. Халық даналығы дерлік түркі халықтары мақал-мәтелдері, жұмбақтарын кітап етіп бастырды. Қазақ Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, өзбек Абдолла Аблани секілді түркі халықтары ардақтыларын шығармашылық іске тартты. Міне осындай білімді зиялыларды кітап шығару ісіне қатыстыру арқылы Нәзір Төреқұлов Шығыс баспасының жұмысын жандандырып жіберді, ұлт тілдерінде жазатын қаншама жазушы, ғалымдардың , журналисттердің елге танылуына жәрдемдесті.
Сонымен қатар халқының қалаулысы Нәзір Төреқұлов
журналистика тарихы үшінде елеулі істер артынан өшпес із қалдырған.
Оның қазақ көсем сөзінің алға қадам басуына, қазақ тіліндегі газеттің жариялануына қосқан үлесі шексіз. Сол себепті, оның журналистика саласындағы ізденісін, қаламгерлік қабілетін ұмытпаймыз. Оның редакторлығымен шыққан «Қазақ мұңы» газеті де осы бағыттағы іргелі басылымдардың бірі болып саналады.
Сонымен қатар, Нәзір Төреқұлов Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде дәріс оқып, біраз уақыт осы оқу орнында проректорлық қызмет атқарған. Осы жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сияқты ақыл-ой алыптары, “алашордашыларды” қамқорлығына алып, қолдау көрсеткені үшін ұлтшыл атанды. Осылайша, өкінішке орай, 1937 жылы нақақтан қақақ жала жабылып, атылған.
Өзінің қысқа өмірін Нәзір Төреқұлов толығымен ұлтына, оның болашағына арнады. Ол тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түрік тілдес халықтардың мақтанышына айналды. Өмір жолының қай кезеңінде болсын, халықтармен етене араласып, оларды мәдениетке, әдебиетке баулыды. Өзі шығарып отырған газет, журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалары езілген халықтарды жігерлендіріп, бойларына күш-қуат берумен болды.
Қазақтың ең талантты ұлдарының бірі Нәзір Төреқұловтың ерекше тұлға екендігін уақыт айқындап беріп отыр. Өз мемлекетінің ұлттық мүдделерін қолдауда оның шешкен мәселелерінің ауқымдылығы орасан зор. Әрдайым отансүйгіштік асыл қасиеттермімен адал қызмет атқарған айтулы азаматтың сыртқы саясат саласында қалдырған өзіндік қолтаңбасы қазақстандық дипломаттар үшін теңдесі жоқ құндылықтардың бірегейі саналады. Халықаралық қауымдастықта мәртебеміз биіктеп, беделімізді әлем мойындаған осы кезеңде өмір тоқынының әрқилы иірімдерінен өткен маңдайалды тұлғаларға тағзым етіп, олардың рухын асқақтату, кішіге өнеге, үлкенге құрмет екендігі айқын. Яғни, Нәзір Төреқұловтың есімі тұңғыш қазақ елшілерінің бірі ретінде Қазақстан дипломатиясында мәңгілікке жазылған.
Ең өкініштісі, осындай қазақтық нар тұлғалы азаматының мүрдесінің қор болып жатуы. Яғни, Мәскеудегі «Коммунарка» ажал алаңында қан сасыған ,тау тау боп үйілген мүрделердің ортасында қазақтың бір туар ұлы Нәзір Төреқұловтың да мүрдесі жатыр. Дипломат, елші , жазушы, ақын , баспагер, саясаткер, журналист 8 тілді еркін меңгерген , 8 қырлы бір сырлы Нәзір Төреқұловтың өмір жолы осылай аяқталған.
Бүгінгі және келер ұрпақ оның әруағы алдында басын иіп, мәңгі жадында ұстауға тиіс.
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар демекші, халқына қалтқысыз қызмет етіп, соңына өшпейтін мол мұра қалдырған алаштың адал перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек. Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай тұғыры биік, асыл тұлғалы азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал. Ұлт тұлғасын ұлықтау – ел мерейі. Ер есімі ел есінде және болашақ ұрпақтың жадында нақышпен тасқа жазылғандай мәңгі қала бермек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Әлімхан Ләзиза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым