Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақтың маңдайына біткен Шолпан жұлдызы

Сымбат
4 мин оқу 28 оқылым

Қазақтың маңдайына біткен Шолпан жұлдызы
Биыл Алаш қайраткері, елі үшін жанын құрбан еткен асылымыз- Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырған Мағжан атамыздың есімі мәңгілікке ұрпақ есінде жаңғырмақ.
Мағжан Жұмабаев қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Оның күрескерлік өмірі мен шығармашылығы Кеңес кезінде кісенде болды.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Мағжан бала кезінде ұшып-қонып бір жерде отыра алмайтын тас қайнаттың өзі болған. Қасында отыратын кісі табылмай қалса, шешесі кереуеттің аяғына байлап кетеді екен. Естияр шағында күрт өзгереді. Ойға батып, тұнжырап жүретінді шығарады. Шелек әкел деп үлкендердің бірі жұмсаса, елек әкеледі екен. Айтылған сөзге көңіл бөлмейді. Балалармен ойнап кетуді ерте қойған. Жеке тұрып қалады. Сол үшін апасы Күләндәм Мағжанды "Марғау" атандырып жіберіпті.
1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт аузына ілігіп, жастардың піріне айналады.
"Садақ" журналын шығаруға атсалысады, басылымға өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
"Бірлік" ұйымының жұмысына белсене араласып, "Балапан" қолжазба журналын шығаруға көмектеседі. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өлеңдерін жариялайды. "Алаш" партиясының Ақмола облысы комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айдай абақтыда отырып шығады.
1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халықты ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс "Батыр Баян" поэмасын жазып, жарыққа шығарады.
1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде, оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның жыр жинақтарын талқыға салды. Мәскеуде оқыған қазақ жастары оған "ескілікті жырлаушы ақын, керітартпа, көнені көксеуші ақын, заманмен бірге алға жылжуды қаламайды" деп ат қойып, айдар тақты. Сөйтіп ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты өлең жазбаса да, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды.
Ақын 1927-1929 жылдары аралығында Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызмет атқарады. Петропавлдағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты бұл қызметтен босатады.
Мағжан Жұмабаев қай жерде жүрсе де, оған шығармашылық одақ құру туралы ой маза бермейді. Ол КСРО Жазушылар одағы сияқты ұйым құруды көптен армандап жүретін. Оған өзінше "Алқа" деп ат та қойған. Ұйымның жобасын Қазақстанның әр түкпірінде тұратын әдебиетші қауымға пошта арқылы жіберіп те үлгерген. Алайда ақынның осы арман-мұраты ақырында оның түбіне жетті.
Халқы үшін жанын құрбан еткен арысымызға арнап, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 28 мамырдан бастап нейзильбер қоспасынан жасалған номиналдық құны 50 теңгелік Мағжан Жұмабаевтың суреті салынған теңгелер шығарыла бастады. Диаметрі - 31 мм., массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 000 дана.
Номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлем­нің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Мағжан Жұмабаевтың жүрген жолы, жасаған қызметі әрқашанда қазақ тарихындағы маңызын ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ, ең бастысы ұлттың ойлау жүйесіне әсер ету арқылы сіңірген еңбегі екендігін көре аламыз.

Жетекшісі: Фатима ҚОЗЫБАҚОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1-курс студенті Жақсылықова Сымбат

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сымбат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Этно туризм-киіз үй

Мәтінде киіз үйдің құрылысы, кереге, шаңырақ пен босағаның мәні және этно туризмді дамытудағы рөлі баяндалады.

Сымбат 2 мин 44 оқылым
Балабақша

“Білімнің құпиялы жолы”

Асылбектің білім іздеп тауға жасаған сапары туралы ертегі. Ол шынайы білімнің жүректе, ақылда және әрбір іс-әрекетте жатқанын түсінеді.

Сымбат 2 мин 25 оқылым
Жалпы рубрика

Жоғары білім алудың маңызы

Мақалада жоғары білімнің жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына, дүниетанымын кеңейтуіне әрі әлеуметтік мобильділігіне ықпалы талданады.

Сымбат 2 мин 75 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым