Мазмұнға өту

Этно туризм-киіз үй

Сымбат 2 мин оқу 43 оқылым

Мейірбек Сымбат Маратқызы

                           Этно туризм

Этно туризм-халықтың этникасын, тілдік және мәдениетін тануға мүмкіндік беретін  туризм саласының бірі. Этникалық туризм көптеген елдерді қызықтырып, туристердің басым көпшілігімәдени танымдық туризмге баса назар аударуы себепті қарқынды даму үстінде. Туризмнің бұл саласы адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті екенін әлемдік тәжірибедәлелдеп отыр.

Этно туризм арқылы халық өзінің тарихын, мәдениетін, дінін, тілін әлемге паш ете отырып, ұлттық құндылығын сақтап қала алады. Ал біздің  халқымыздың бай тарихи - мәдени мұрасы туризмнің осы саласын дамытуға арналғандай. Қазақтың жеріндегі этно туризм дегенде ойыма алғашқы болып, көшпенді қазағымның  киіз үйі түсті. Киіз үй - « Киіз үй туырлықты, ағаш уықты қазақпыз»,деген ата-бабаларымыздан бізге дейін жеткен  негізігі баспанасы. Тез жиналатын, жылдам тігілетін  үй.

Киіз үйдің ерекшелігі құрылғанда да, жиналғанда да бірде-бір шегеде болмайтындығы. Соған қарамастан қыста жылы болып, жазда салқын болады. Әрі көшіп-қонуға  өте  қолайлы үйіміз.

Адамның өмірі мен әлеуметтік жағдайына  киіз үйдің үйлесімділігі сондай, оны үлкейтіпте,кішірейтіпте, тіпті бір-біріне қосып , екі немесе үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Үй қабырғасы шеңбер тәрізді келіп, төбесінен күмбезделінеді.

Киіз үй негізін құрайтын ол-кереге. «Керегең кең болсын, төрт құбылаң тең болсын» деген тілек осыдан шықса керек. Себебі үй берік болуы және кеңдігіде  кергеге тікелей байланысты.

Керегенің әр бөлігі қанат деп аталады. Қанат қабырғалардан тұрады.

Қабырғасын торлап көктелген керегеден тұрғызады.Кереге екі  түрлі болады. Кең  көзді кереге «желкөз » - деп аталса, екіншісі тар көзді кереге «таркөз » - деп аталады.

Шаңырақ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Халқымыз бата бергенде «Шаңырағың биік болсын,шаңырағың шайқалмасын» деуі де шаңырақтың киіз үйде алар орны ерекше екенін көрсетеді.

Шаңырақтан  соң киіз үйдің  келесі бөлігі – босаға деп аталады. Жас жұбайларға  «Қос босағаң берік болсын », «Ақ босағадан аттаған келіннің  аяғы құт болсын» деп, балаларға «босағаныкерме балам» деп  тыйуының өзінде мән- мағына  бар.

Қорыта келгенде қазақтың киелі киіз үйі жайлы сөз қозғар болсақ том том кітап жазуға дерлік мағлұматымызбен дәстүріміз аңыздарымыз бен ертегілеріміз, тәрбиеміз, тарихымыздың бәрі жиналар еді. Біз әлем туристерін зәулім үйлермізбен емес осы кішкене бойлы сүйкімді үймізбен елмізге баурай аларымыз сөзсіз.  Және ең қызығы киіз үй жер сілкінген  де ыңғайлы, әрі оңайлықпен қирамайды екен. Еліміз  зілзаладан зардап шеккен мемлекеттерге шатырдың орнына киіз үйлер апарыпта жүріпті. Міне осындай үймізді туристердің ағыла келуіне неге қолданбасқа ?

Айта кетелік этно туризм-тек киіз үй мен ғана шектелмейді. Қазақтың қолөнері , зергерлік, этноауылдар, жылқы өсіру секілді тағы да басқа жалпы ұлттық ерекшеліктерін де айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде тіршіліктің қайнаған ортасы ауылдың өзінде сиреп келе жатқан текемет ою, киіз басу, бау-басқұр тоқу , ши орау, атқа шабу , қам­шы өру , домбыра жасау, ұлттық салт-дәстүрлерді, өнер, еңбек, сәулет  істерін дамытуға , қайта жаңғыртуға бар күшмізді салумыз қажет. Қанша дамып , қаншама асуды бағындырсақта өз тарихымызды ешқашанда ұмытпаумыз керек!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сымбат

Автордың басқа материалдары

Балабақша

“Білімнің құпиялы жолы”

Саясатқызы Сымбат. Ертегі: Білімнің құпиялы жолы Ерте, ерте, ертеде Асылбек есімді білімге құштар бала өмір сүріпті. Ол айналасындағы дүниенің сырын түсініп, нағыз білімнің қайда жатқанын білгісі келіп жүретін. Бір…

Сымбат 25 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Жоғары білім алудың маңызы

Нұрқасым Сымбат Бауыржанқызы Алматы қаласы Әди Шәріпов мектебі 11 сынып оқушысы Жоғары білім алудың маңызы Жоғары білім алу — бүгінгі қоғамда маңызды факторлардың бірі. Ол жастардың кәсіби дамуына, тұлғалық өсуіне және…

Сымбат 75 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Қазақтың маңдайына біткен Шолпан жұлдызы

Қазақтың маңдайына біткен Шолпан жұлдызы Биыл Алаш қайраткері, елі үшін жанын құрбан еткен асылымыз- Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырған Мағжан…

Сымбат 28 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин