Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандық жас патриоттар Академиясы

Zhansaya Bekbolatova
2 мин оқу 66 оқылым

Отан-қасиетті бесігіміз, қымбатты қазынамыз, ата-бабаларымыздан қалған аяулы аманатымыз. Отан деген бір ғана сөз қаншама адамның жүрегінде жылу ұялатып, бойында мақтаныш сезімін тудырады десеңші. Отан, туған жер, туған ел дегенде туламайтын қан , жылымайтын жүрек жоқ шығар сірә. Кіндік қаны кесіліп, анасының иісі сіңген қасиетті отанын жырға қоспаған ақын, әнге қоспаған әнші жоқ. Отанын жырлаған ұлы ақындардың бірі, қазақ әдебиетінің асқар тауы Мұқағали Мақатаев та:
...Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен- деп, Отанымызды бақытына балаған еді. Ақынның өлең жолдарынан ұлтжандылық сезімін көре аламыз. Сол ұлтжанды ұландарымыздың патриоттық, отансүйгіштік қасиетін қазіргі өскелең ұрпаққа дарыту баршамыздың парызымыз. Дәл осы парызымызды орындап, жас қазақстандықтардың өз елінің тарихына,мемлекеттік тіліне, бай мәдениеті мен халқының дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Балдәурен» РОСО-да 2016 жылы 22-ақпанда Төлепбай Мұхитдин Бекболатұлы мен Битуова Тілдаш Рысқұлбекқызының  бастамасымен «Қазақстандық жас патриоттар академиясы» құрылды. Міне, бүгін орталығымызда «Қазақстандық жас патриоттар академиясының» бой көтергеніне 6 жыл толып отыр. Академия БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына, ҚР Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», ҚР Заңдарына сәйкес жұмыс істейді. Аз уақыт аралығында жас академия мардымды жетістіктерге жетті. 6 жыл ішінде академия құрамына 2750 бала конкурстық байқаудан өтіп қабылданды. Үш іріктеу кезеңінен тұратын конкурс қатысушы балалардың жетістіктері мен білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Академияға қабылданған академия мүшелері арнайы «Патриот» төсбелгісімен және сертификатымен марапатталады. Академия мүшелері орталықта ғана патриоттық іс-шараларға белсенді қатысып қоймай, ауысым аяқталған соң да өз өлкелерінде патриоттық бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, қатарластарын отансүйгіштікке баулыйды.

Патриотизм мемлекеттің өміршеңдігінің моральдық негізі болып табылатын қоғамда «Жас патриоттар академиясы» мен жас қазақстандықтар бірлесе жұмыс жасап, еліміздің тамыры терең, іргесі берік болуына өз үлестерін қосуда. Академия өз жұмысын жалғастырып, биік белестерден көрінуіне, патриот өрендер қатары толуына тілектеспіз! Туылған күндеріңіз құтты болсын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Zhansaya Bekbolatova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым