Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандағы туризм

Tomiris Turdybekova
2 мин оқу 32 оқылым

Туризм(tur – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Қазіргі уақытта туризм мемлекеттің экономикасында айрықша орын алады. Туризмнен түскен табыс қазіргі уақытта мұнай мен эскпорт өнімдерінің табысынан кейін 3-ші орын алады. Туризм негізінен қомақты 2 түрге бөлінеді: ішкі және халықаралық. Одан басқа туризммен саяхаттауды бірнеше бағытқа бөлуге болады. Олар: спорттық туризм, оқу туризмі, ойын-сауық туризм, бал айы туризмі, іскерлік туризм, ғылыми туризм, діни және мәдение туризм.

Қазақстан туризміне тоқталатын болсақ, әлі де осау тұстары көп. Алайда, туризм саласында даму үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Қазіргі уақытта Қазақстан туризмі даму үстінде. Еліміздің аумағындағы туристтік орындарға шолу жасап көрейік.

Бурабай ұлттық паркі - Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан. Парк 2000 жылы Президент бастауымен құрылған. Бурабай ерекше тастары мен ерекшеленеді. Бурабайдың тастарына аңыз бойынша аттар қойылған: Оқжетпес, Жұмбақтас. Жұмбақтас тасы ерекше тылсым көрінісімен ерекше. Бұл тас 3 түрлі әйел бейнесін көрсетіп тұр. Бірі жас қыз, екіншісі орамал таққан келіншек, ал үшіншісі болса кәрі кемпір.

Көлсай көлдері- Алатаудың Күрмет және Саты атты асуларынан бастау алған кішігірім өзен суынан пайда болған 3 көл. Ол Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан. Ол 2007 жылы 7 ақпанда құрылды. Көлдер төңірегін шырша, қарағай, қайың сияқты ағаштар көмкерген.

Шарын шатқалы- Шарын өзенін 154 шақырым бойлап жатқан табиғи нысан.  2004 жылы құрылған бұл шатқал, Алматыдан 159 км-дей шығысқа қарай орналасқан.

Қожа Ахмет Йассауи, Арыстан баб кесенелері. Бұл кесенелер қазір туристтік бағытта қарқынды дамып келе жатқан Түркістан қаласында орналасқан. Екі кесенені де Әмір Темір тұрғызған. Осындай тарихи, діни мұрасымен танымал Түркістан қаласы ел аузында “Екінші Мекке” деп те аталады.

Қайыңды көлі- 100 жыл бұрын жер сілкінісі әсерінен пайда болған ерекше орын. Күнгей алатауда орналасқан суы салқын көл болып есептеледі.

Түрген сарқырамасы- Алматы облысы, Іле Алатауы ұлттық саябағында орналасқан шатқал. Бұл шатқал 7 сарқырамадан тұрады.

Қазақстанда бұдан да өзге демалыс орындары бар. Осындай керемет әрі санқилы табиғат аясына бай елімізде туризмнің әлі биік шындарға жететініне сенеміз. Бұл жастардың қолында.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Tomiris Turdybekova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым