Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандағы қаржылық сауаттылық дамыған ба?

Bilimger Media
1 мин оқу 49 оқылым

   Қаржылық сауаттылық – адамның әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға әкелетін қаржылық мінез-құлық саласындағы білімдердің, дағдылар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Негізгі қаржылық ұғымдарды түсіну дәрежесі және өмірлік оқиғалар мен экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қысқа мерзімді шешімдер мен ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау арқылы жеке қаржыны басқару мүмкіндігі мен сенімділігі. Қаржылық сауаттылық адамның жалпы әл-ауқатына әсер етеді. Яғни, адам негізгі және озық экономикалық ұғымдарды жақсы түсінген сайын, өзінің өмірін қалай жақсартуға болатынын түсінеді.

Қаржылық сауаттылықтың негізгі тақырыптарына: жинақтау, жылжымайтын мүлік, бюджеттеу, салықтар мен зейнетақылар, сақтандыру, оқу ақысы мен шоттарды төлеу, автокөлік сатып алу және басқа да ірі сатып алулар кіреді. Әрбір ересек адам білуі керек неғұрлым жетілдірілген тақырыптарға инвестиция, пассивті кіріс және жинақ, сондай-ақ несиелер мен басқа да қарыз міндеттемелері кіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық сауаттылық әлі күнге дейін даму үстінде.

Егерде бизнес бастап немесе табысты айлық көзінен ақшаңызды жинағыңыз келсе, өз қаржыңызды басқару принциптерін ұстаныңыз.Міндетті түрде сіз қаржылық есепті жүргізуге тиіссіз,  түскен ақша мен жұмсалған ақшаның есебін жүргізіп отыру - қаржылай сауатты адамның пайдалы әдеті. Сонымен қатар ең басты талап ол- бюджетті жоспарлау. Бюджетте өз шығындарыңызды талдап және өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді анықтағаннан кейін ғана жоспарлау тиімді.Қаржылық сауаттылығыңызды дамытқыныз келсе мынадай кітаптарды оқуға болады: «Богатый папа,бедный папа», «Путь к финансовой независимости», «Думай и богатей», «Сам себе финансист» және тағы да басқа.

Қазіргі заманда қаржылық сауаттылық жоғары бағаланады. Ең алдымен, бұл сіздің жеке әл-ауқатыңызды және өмір сүру деңгейін жақсарту құралы. Неғұрлым көп білсеңіз, соғұрлым көп әдістерді қолдана аласыз. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді жақсартқыңыз келсе, көбірек ақша тапқыңыз келсе, оған аз физикалық күш жұмсайсыз, онда сіз қаржылық сауаттылықты арттырудан бастауыңыз керек.

Сайляу Айнұр Талғатқызы

Тұран университеті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым