Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандағы өзекті мәселелер

Дильнара Джунусова
2 мин оқу 325 оқылым

Қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселелер саны аз емес. Жалпы мен болашақ журналист ретінде екі мәселелені көтерер едім. Біріншісі, сыбайлас жемқорлық еліміздегі жастардың арасындағы жұмыссыздық. Бірінші мәселені тодықтай ашып кетсем. Жалпы жемқорлық дегеніміз не? Ол - жеке тұлғаның қызмет бабын асыра пайдалануы, коммерциялық пара алуы немесе өзінің қызметтік жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы келетін өзге де заңсыз пайдалануы. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және азаматтық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді.

Еліміздегі жемқорлықты қарастырайық. Неге біз әлі дамыған 30 елдің қатарына еңбедік? Себебі халық жағдайы, әл ауқаты керемет деп айта алмаймын. Мысалға, БАӘ алсақ, олар жалғыз мұнаймен осындай дәрежеге жетті. Ал біздің олардан қай жеріміз кем? Жерімізде Менделеев кестесіндегі бар байлық бар. Азияның орталығында орналасқан мемлекетпіз. Менің ойымша бұл мамандардың жетіспеушілігі мен надан басшылықтың кесірінен. Эфирлерден біздің бетке ұстар азаматтарымыз, депутат ағаларымыздың жиналыста мызғып, тіпті туған ана тілін білмейтінін көріп отырмыз. Ал неге бұл азаматтардың орнына жас мамандар келмейді? Өйткені..... өйткені, олар өздерінің табыс әкелетін орындарынан айырылғысы келмейді. Ал, тіпті сәл логикалық оймен қарасақ, олар ХХ ғасыр балалары, коммунистік тәрбие көрген кісілер. Ал, жастарымыз осы жаңа заман ХХІ ғасыр балалары. Оларда жаңа идеялар, ұсыныстар өте көп, бірақ бастықтарымыз "Сен әлі жассың, ештеңе білмейсін" деп беттерін қайтарады. Бұл жайлы кейін. Елге оралайық. Жолдарымыз, тұрғын үйлерімізді сөз етейік. Неге сапалары төмен? Жолдар керемет соғыс өткендей ойық-ойық. Су жаңа қоныстарда жарықшалар пайда болады, кірпіштері құлап, опат болып жатыр. Себебі, "Мен-сізге, сіз-маған" деп, бөлінген қаржының жартысы қалтаға салынып, жарты бөлігі іске асырылады. Әзірлеушілер визаулды идеал үйлер мен жолдар жасайды. Ал сапасы...... Тағы бір айта кететін жайт, "Мәке, Сәке" мәселесі. Қазіргі кезде туыстық қатынасын асыра пайдалану жайттары жиі кездеседі. Мысалы, егер жоғары жақтан қандай да бір танысын болса, жасыл түс деген сөз. Қазіргі кезде "Талант бар, таныс жоқ" дейді. Қанша жерден талантты болсаңда, таныссыз ешкім емессің.

Келесі мәселелердің бірі, ЖОО бітірген жас мамандардың жұмыссыздығы. Қазіргі кезде тәжірбиесіз жұмысқа орналасу өте қиын. Жаңа ғана оқу орнын бітірген жас маманда қандай тәжірбие? Алыстан қарамай өзінің оқиғамды айтсам. Маған 2020-2021 жылы жұмыс қажет болып, құрбымның кеңесі бойынша, мейрамханаға даяршы қызметін атқаруға тырысып едім, маған: " тәжірбиен болмаса жұмысқа алмаймыз" деп еді. Ал енді 15-16 жастағы жасөспірімде қайдағы тәжірбие? ҚР заңы бойынша жұмысқа 18 жастан заңды түрде тұруға болады. Ал оған дейін ше? Сол себепті мен "Наращивание ресниц" "Окраска бровей, ламинирование бровей, архитектура бровей' курстарын өттім. Сол уақыттан бері өз өзіме жұмыс жасап келемін. Сол себепті жастардың көбі елде жұмыс таба алмай, ел асып кетеді. Кейін неге жастар шет елге кетеді деген сұрақ туындайды. Себебі ол жерде жастар үшін көп мүмкіндіктер беріледі.
Жалпы ойымды қорытындылай келе, болашақ жастардың қолында дегім келеді. Сондықтан жастарға жол беріп, қолдау көрсету керек. Елімізді бірге көркетейік. Күшіміз бірлікте, ағайын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дильнара Джунусова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өзекті мәселелер

Мәтінде сыбайлас жемқорлық, таныстық, жол мен тұрғын үй сапасы және жас мамандардың жұмыссыздығы сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады.

Дильнара Джунусова 2 мин 94 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым