Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»

Сулейманова Гульзар Альжановна
3 мин оқу 48 оқылым

Тәуелсіздік! Осынау ұлы сөзді естігенде жанымыз жадырап сала береді. Онысы дұрыс, өйткені, осы Тәуелсіздік ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған мұраты. Тәуелсіздікке жету жолында Қазақстан атты байтақ еліміз көп тер төкті. Сонау ұлт мүддесін көздеген ата-бабамыз рухынан бастап, елім, жерім деп от жүрегі лапылдап жанатын бүгінгі жас ұрпақтың түсініп жүргені қуантады. Қазақ, ертеден-ақ бірлігі жарасып, біртұтастықты сақтай білген ұлт. Сондықтан қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалы бекер айтылмаса керек.

Сәби болып шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен ана сүтімен дарыған осынау ұлы тіліміздің рухы біздің басты байлығымыз. Тіл –береке мен бірлігінің тұтастығы. Ал тәуелсіздік сол береке мен бірліктің тірегіш бөлшегі іспетті. Біз Тәуелсіз ел бола отырып көптеген ұлы қадамдар жасай алдық және де келешекте әлем елестетпеген асулардан асарымыз сөзсіз.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Біздің ата-бабаларымыздың қолы жетпеген егемендікке біздің қолымыз жетті. Осы үшін шүкірлік айтуға тиіспіз, әлбетте. Тәуелсіздік бұл – әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Біз бақытты ұрпақпыз. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз, келешек ұрпақ үшін деп, яғни мына сіз бен біз үшін елімізді, жерімізді қорғау жолында қасық қаны қалғанша аянбай, күресті. Кезінде сонау зар заман ақындары мен жыраулары еркіндікті, теңдікті аңсап жырға қосты. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті арта түсері сөзсіз. Тәуелсіздік бізге Алланың берген ең үлкен сыйы. Бүгінде біздің жер бетіндегі барлық дербес мемлекеттер сияқты біздің елдігімізді айғақтайтын Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз бар.

Егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.

Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих

Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 30 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен–күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік –Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады.

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсізігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 30 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сулейманова Гульзар Альжановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым