Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстан мәдениеті

Саурыкова Аян Сатпбаевна
2 мин оқу 383 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Бар ынтасын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды топқа бөлу.

II. Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут
1. Ой, толғау.
- Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер?
2. Мәтінмен жұмыс.
3. “Кім? Қайда? Қашан?” ойыны.

Шартты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.

1. Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкеледі?
2. “Азияға жол іздеу” талабын кім құрды?
3. Рычковтың “ Қырғыз - қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары” қашан шықты?
4. И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5. Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
7. Н. П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім?
9. Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
10. Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
11. “Жоңғария картасын” жасаған кім?
12. Ақтамберді қай өңірде тұрды?
13. Неміс саяхатшысы, натуралист П. С. Палластың “Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат” атты еңбегінде не айтылған?
14. Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П. С. Рычковты кім қолдады?
15. Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?

4. “Тұлғаны таны” ойыны.
Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың - 10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі, қалған ұпай топқа есептеледі.
10 ұпай:
1. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай:
2. Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “ Орынбор тарихы” (1730 - 1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым?
30 ұпай:
3. XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В. В. Вегеловский Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады?
40 ұпай:
4. Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында кездеседі?
50 ұпай:
5. Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата?
60 ұпай:
6. Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір - Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды зерттеп, 1750 ж. “Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Саурыкова Аян Сатпбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 015 оқылым