Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстан география ғылымының даму барысы

Ержан Оспанов
3 мин оқу 31 оқылым

Ибн Русте мен Истахри Арал теңізін сипаттап жазған: Ибн Русте оны былайша бейнелейді: «теңіздің аумағы 80 фарсах, батыс қапталында айнала Сиякух» («қара таулар») деп аталатын тау сілемдері созылып жатыр, шығыс жағалауында ну орман мен қалың қамыс аралас өскен қопа лар бар. Истахри «ол теңіз дербес жаратылған сортаң бассейн» деп атап көрсете келіп, Аралдың тұңғыш картографиялық бейнесін берген. Истахридің жазбаларында Сырдария, Амудария өзендері мен олардың тармақтары туралы, Испиджаб қаласы жөнінде деректер ұшырасады. Истахридің айтуына қарағанда, Испиджаб шаһары Бинкеттен үш есе кіші, оның қамалы Х ғасырдың өзінде қирап бүлінген, тек шахристан мен рабад қана қалған». Қаланың басқа сипаттамалары Максидидің деректеріне сəйкес келеді. Əл-Масуди еңбектерінде Жайық пен Жем аралығындағы далалы жерлер мен Ертіс төңірегі туралы сөз болады. Масуди далалы атырапты – қимақтардың қыстауы, ал Ертіс төңірегін жазғы жайлауы ретінде бейнелейді. Ол Сырдария өзенінің суы мол екенін атап көрсетеді. ХІІ ғасырдаң географ-ғалымы əл-Идрисидің еңбектерінде де қазақ жері туралы бірқатар маңызды мағлұматтар сақталған. Оның «Нузхат ал-муштак» атты шығармасында Шу-Іле таулары туралы деректер келтіріліп, тау бөктерінде Демиртаг қаласы орналасқаны, ал оның шығысы шөлейт дала екені айтылған. Араб географтарының осы бай мұрасы арасында сан ғажайып карталар сақталып, оларда Қазақстанның да географиялық атаулары белгіленген. Араб карталарының географиялық бейнеленуі басқалардан ерекшелеу, оларда градустық торлар жоқ. Солай бола тұрса да, Қазақстан аумағын танып-білу тарихында араб карталарының атқаратын рөлі зор. Арабтардың аса маңызды саяхаттары қатарында жоғарыда айтылғандарға қоса Ибн Фадланның Еділге сапарын (Х ғасыр) атап көрсеткен жөн. Ибн Фадланның жазбаларында көшпенді түрік тайпаларына қатысты өте құнды геогра фиялық, этнографиялық жəне басқа деректер бар. Саяхатшы жүріп өткен аймақтардың жер бедері, климаты, өзендері мен көлдері, топырағы жəне басқалары туралы мағлұматтар келтірілген. Өзі басып өткен аймақтардың жер бедерін сөз ете келіп, саяхатшы жолының дені шөлейт құм арқылы өткенін, ал ішінара
35
«тастақ жерлердің» де кездескенін айтады. Тастақтар Үстірттің сол жақ беткейінен асқан тұста ұшырасқан. «Он бес күн жол жүргеннен кейін біз үлкен тауға келдік» деп жазады ол. Сірə, саяхатшының бұл айтып отырғаны Солтүстік Чинк сияқты. Осы тастақ жерлерге дейін жол Үстірт арқылы өткен, ал жотаның үсті шөлейт жазық, «бірде-бір тауы жоқ жазық дала» екені баяндалған. Ибн Фадлан өзі өткен өзендердің аттарын атайды: Яганды (Шаған), Жем (Ембі), Жахыш (Сағыз), Өзіл (Ойыл), Ердем (Қалдығайты), Барыш Бұлдырты, Анхаты Атил (Итиль – Еділ – Волга), Ирхиз (Ырғыз) жəне Жайқ (Жайық). Саяхатшы өз жазбаларында əлгі атауларды оңтүстік-шығыстан бастап солтүстік батысқа қарай белгілі бір жүйемен келтіреді, соған қарап оның жолсапарының бағдарын анықтау қиын емес. Сонымен бірге өзен атаулары Х ғасырда Батыс Қазақстанда су жүйесі қандай болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ол кездегі су жүйесі негізінен осы күнгідегідей болғанымен, қазір кейбір өзендердің суы тартылғанын немесе мүлде құрғап кеткенін көреміз. Ибн Фадлан «үлкен өзендердің бəрінің» суы мол болғанын жəне олардан өтерде «құрбан шалып» отырғандарын мəлімдейді. Саяхатшы Яик (Жайық) өзені жөнінде «ол біз көрген өзендердің ең үлкені... əрі ағыны да өте қатты» деп жазады. Саяхатшы Шалқар көлінде болып, оны аумағы үлкен, «суы нағыз теңіздікі секілді» көл ретінде сипаттайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ержан Оспанов

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 75 оқылым