Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 42 оқылым

"Қазақстан" газеті  1911-1913 жылдар аралығында Ордада, одан соң Оралда шығып отырған қазақ тіліндегі ең алғашқы биресми басылым.

Газеттің  жариялаған материалдарында ел ішіндегі саяси мәселелердің басым болғандығын білеміз. Бірақ газеттің оқу-ағарту, өнер-білімге қосқан үлесі жайлы не айта аламыз?

Ғ.Қарашев қазақ халқына білім, ғылым тарату туралы: "Бізде тағы да бір қате пікір бар, орысшаң деп ғылымды жек көреді. Бұл да қате... әліппе, оқу яғни, қисап, жағрапия, хакимия (право), әндаса (инженерлік), тауарих (тарих), тәбип (дәрігерлік), химия (химия), дирават (ауыл шаруашылығы), тажират (сауда)  секілді пәндерде еш те орыстық, яки басқалық жоқ. Бұл пәндерді оқудағы мақсат оларда баян етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам балаларына түрлі жақтан пайда келтіруге болады. Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл, бәрібір тек мағынасын жақсы біл де халыққа пайда келтір"- деген пікір қалдырған.

Жалпы Ғ.Қарашев басылымға оқу-білім  туралы  жазған, халқының жанашыры екендігін көрсеткен, нағыз азамат  болған. Оның осы газетке әсіресе оқу-ағартуға, өнер-білімге қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұған оның "Бұлай мәслихат" атты мақаласы дәлел бола алады. Онда автор қазақтың өнерді, білімді үйреніп қана өмір сүре алатындығын жазып, солайша жастарға үміт артады.

Қорытындылай келе Қазақстан газеті қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалап, оқу-ағартуды меңгеруіне, өнер-білімді үйренуіне ешбір қорқынышсыз шығарылған басылымдары арқылы әсерін тигізген. Өйткені олар халықтың тек біліммен ғана өмір сүре алатындығын білген де, жеткізген де.

ҚазҰУ, журналистика факультетінің 1-курс студенті Аман Ақнұр Бақытқызы

Авторы
Аман Ақнұр Бақытқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 11 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 71 оқылым