Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қазақстан: болашақ елге жастардың көзқарасы»

Нағашыбаева Луиза
1 мин оқу 61 оқылым

Кез-келген ел өз болашағын жастармен байналыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас - ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел азаматы.

"Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!" деп, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, қазір технологияның дамыған заманында, бәсекеге қабілетті бола білу керек. Білімді азаматтарды талап ететін ғасырда әлбетте қырандай қанатты болу маңызды. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың: "Еліміздің келешегі жастардың қолында" деген сөздерінен - ақ жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артылатынын байқауға болады. Ата-бабаларымыздың қайсар рухы мен қара күшінің, жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында, міне бүгін дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болып, көк туымызды биік ұстап отырмыз. Ал енді, білім мен еңбекқорлық тұсынан өзімізді дәлелдейтін кез келді.         Тарихымыз бен мәдениетіміз бай ел болғандықтан, жастар өзін-өзі дамытуына, білім алуына, шығармашылық пен кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндіктер көп. Қазіргі таңда, елімізде жастардың сапалы білім алып, білімнің әртүрлі салаларына мамандануына мүмкіндік беретін университеттер мен ғылыми орталықтар белсенді түрде дамып келеді. Тіпті, көптеген жас қазақстандықтар ой-өрісін кеңейту және бойына жаңа тәжірибе сіңіру үшін шет елдерге барып білім алуды таңдайды. Қазіргі жас ұрпақ бірінен бірі озып, белсенді, ізденімпаз деп айта аламын. Адамгершілік қасиеттерді де жоғалтпай, жүректерін иман мен мейірімділікке толтыруға да құлшынады. Еліміздің жастары - өз әлемдерін жақсы тұсқа өзгертуге қабілетті. Осының арқасында әрбірі өзі армандаған жарқын болашақты құра алады. Балалық шағын емес, болашағын қазірден ойланатын жастар, мақсат армандарына жетері анық. Жаңа ұрпақтың біліміне, жаңашылдығына, жасампаздығына сүйене отырып, еліміздің алға басуы үшін жастардың әлеуетін қолдау және оны дамыту өте маңызды. Ал мен еліміздің болашағын бейбіт, дамыған, білімді ел ретінде елестетемін.

Нағашыбаева Луиза Ғазизжанқызы

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері» университетінің 3 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нағашыбаева Луиза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым