Мазмұнға өту

Қазақ xалқының қалыптасуы

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 3 мин оқу 929 оқылым

Қазақ халқының қалыптасуы

Автор: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Этникалық қазақтардың түп тамырларын табу өте күрделі. Сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтардың тағдыры тоғысып жатқан. Қазақ халқының пайда болуында екі аспект бар, атап айтсам лингвистикалық және антропологиялық. Екі процес те қарастырылып отырған аумақта қатар дамыды, көбінесе тарихи желі бойымен. Мұндай тәсіл сабақтастық пен сақталып қалған «бабалық» сипаттарды бақылауға мүмкіндік береді. Алайда, жекелеген тарихи кезеңдерде көлденең бойы даму да белгілі бір рөл атқарды. Ежелгі заманда аумақтың жергілікті тұрғындары ортақ лингвистикалық және антропологиялық негізе ие болғандығы таң қалдырады және қазіргі ұрпақтың генетикалық кластерленуі негізінен лингвистикалыққа сәйкес келеді. Қазақ халқының пайда болу мәселесін қарастырған кезде Қазақстан аумағында мекен еткен ежелгі тайпалардың өмір сүру тарихына үңілген жөн. Алайда, қазақ халқының тікелей ата-бабалары қазіргі Қазақстан аумағында III – II мыңжылдық бұрын мекен еткен тайпалар деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен, халықтың пайда болуы шаруашылық қызметтің дамуына, төл мәдениеттің пайда болуына, тілдің қалыптасуына тікелей байланысты болса, бұл тайпалар қазақ халқының пайда болуына тікелей ықпал еткен болып шығады. Қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта және Кіші жүз. Әдетте, кез келген адамдардың этногенезі монотондылықтың, тайпалық, әлеуметтік бірігудің пайда болуымен аяқталады. Демек, тайпалық және әлеуметтік топтардың бірігуі, аумақтық әлеуметтік немесе этникалық бірлістіктер қауымдастықтарымен аяқталады. Бірақ, қазақ халқы үш жүзге бөлінгенімен бірегей антропологиялық түрі, бірыңғай тілі, мәдениеті, менталитеті оған дүниетанымы бар бірегей этнос – монопация ретінде қалыптасты. Қазақстанда ежелгі, қазіргі халықтың антропологиялық зерттелуі жүйелі өткен жарты ғасыр бойы жүзеге асырылды. Өзіндік бөлімдерден тұрды – антропоскопия, тіс морфологиясы, қан топтар, РТС ( дәм сезіну ), саусақ – алақан терілерінің бедерлері, бас сүйек морфологиясымен ерекшеленетін болды. Зерттеу нәтижесінде, Азия, Америка және Еуропа елдерінің бес халықаралық конгресстерінде, конференцияларында, симпозиумдарынды баяндалынды.
Бүгінгі күнде Орта Азия аумағынды қазақтар олардың ата – бабалары антропологиялық қатынастардың ең зерттелген халықтың қатарына жатады. Қазақ хандығы – күрделі, саяси және идеологиялық күрестің нәтижесінде пайда болды және жүздердің шығуы тегі осы құбылыстарға байланысты. XV – XVII ғғ. Этностың тұтастығын сақтауда маңызы болды. Пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең – байтақ аумағы болды. Құрылуының объективті себептері мен субъективті шарттары болды. Кейбір болжамдарда үйсін тайпасы мен кейінгі қалыптасқан қазақ этнос арасынды тікелей байланыс бар, бұл өмір жолының ортақ белгілері. Демек, әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы және ұқсастықтары бар. Үйсін қоғамы үш бөлікке бөлінді: Сол қанат, Орта және Оң қанат. Яғни, бұл этногенетикалық сабақтастықты растайды. Негізінен қазақ ұлтының тікелей қосылуы түркі этногенезінің басталуы. Кейінгі түркілік кезеңінің экономикалық және мәдени өмірінің үлгілері көптеген түркі халықтарының ортақ модель болды. «Қазақ» сөзінің пайда болуы туралы көптеген пікірлер бар. Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер осы мәселе бойынша пікір алмасады. Ғылымда, жазба әдебиеттерде «қазақ» атауы пайда болу кезі нақты мәлімдеме жоқ. VIII ғ. Енисейде табылған «қазақ ұлы» деген жазба бар.
Қорытындылай келе, ғұндардың және қарлұқтардың қазақтың этногенезіне тікелей қатысты болғаны белгілі. Ұлттың қалыптасуы – бұл өте ұзақ және күрделі процесс. Түркілікті қалыптастыру нақты уақытта анықтау мүмкін емес. Демек, қазақ халқының жарқын болашақ жолындағы оған айналасындағы диаспорасы және Қазақстанда тұратын этногенездік топтардың барлық өкілдерін біріктіру өзіндік ұлттық идея – мемлекеттік құрушы ұлт. Еліміздің мемлекеттілік тарихында өткен кезеңдердің, соның ішінде Қазақ хандығы құрылуының орны ерекше. Дегенмен, толыққанды мемлекеттің қалыптасуы, өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясат жүргізуге қол жеткізуі, тек 1991 жылы қол жеткізген Тәуелсіздіктен кейін ғана мүмкін болды. Бүгінгі күні еліміз әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі ретінде халықаралық қатынастар жүйесіне белсене араласып, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуды ұлттық мақсат етіп қойған мемлекет ретінде танымал.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Жүздердің зерттелуі

Жүздердің зерттелуі... Автор: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дəуіріндегі қалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері – жүздер болды жəне дəстүрлі қазақ қоғамы…

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 364 оқылым 10 мин
Қазақстан тарихы

Жүздердің зерттелуі

Жүздердің зерттелуі... Автор: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дəуіріндегі қалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері – жүздер болды жəне дəстүрлі қазақ қоғамы…

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 390 оқылым 10 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

🇰🇿 Қазақстан тарихы — ҰБТ тесті ⏱ 40 мин · 20 сұрақ А — базалық (50%) В — орташа (30%) С — жоғары (20%) І бөлім · жеке тапсырмалар (1–10) 1Сақ тайпасының «патшалар патшасы» деп аталған атақты билеушісі – Мадий кімнің ұлы…

Bilimger Media 829 оқылым 8 мин
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық: жоғары балл алуға көмектесетін мықты лайфхактар

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы — ҰБТ-да көп оқушыға жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде жүйелі дайындықты қажет ететін пән. Бұл пәнде тек даталарды жаттау жеткіліксіз. Тарихи оқиғалардың себебі мен…

Bilimger Media 136 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Алаш қайраткерлерінің танымдық мұралары

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" тарих пәні мұғалімі Аннотация Алаш қайраткерлерінің танымдық мұрасы қазақ қоғамының саяси ойы, ағартушылық бағыты және ұлттық сананы жаңғырту тәжірибесімен тығыз…

Ешенова Айсұлу Болатқызы 106 оқылым 6 мин