Мазмұнға өту

Қазақ тілінің майталмандары

Bilimger Media 3 мин оқу 673 оқылым

Тақырыбы: «Қазақ тілінің майталмандары »

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: гүлдер, суреттер, слайд, интербелсенді тақта.

Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзараынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету. Осындай мақсатпен 3-4 сыныптар арасындағы «Қазақ тілінің білгірлері» сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ақ көңілмен, ниетпен,Әділ баға берсін деп.Шаршамай, еш жалықпай,Айтқаныңызға көндік деп,Әділ-қазы алқасын,Сайлап алсақ жөн болар.

Әділ - қазылар алқасы: 

  1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
  2. Оқу ісінің меңгерушісі:

Барлық сайыстар соңында әділ – қазылар алқасы шешімін шығарады. Жеңген топқа мақтау қағазы беріледі.Олай болса, алдымен сайысқа қатысатын оқушыларды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушылар 1, 2 нөмерлі парақшаларды таңдап алады. 1 парақшаны таңдаған топ сайысты бастайды.

Психологиялық дайындық«Ақ тілек. Әсем күлкі»- Көңіл – күйлеріңіз қалай?- Керемет! (Қолдарын көтереді)- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)- Ынтаңыз ше?- Ғажап! (Қолдарын көтереді).- Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.- Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық! Ендігі кезекте сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 

  1. Таныстыру (өз тобын таныстыру)
  2. «Сөздер сөйлейді» (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау).
  3. «Кім жылдам?» (сөздікпен жұмыс)
  4. Сөз мәйегі - мақал» (Отан, туған жер туралы мақал)
  5. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап)
  6. «Кім тапқыр?» (суреттегі сөздерді ым-ишарамен түсіндіру)

Жүргізуші:

І кезең. Таныстыру.

І топ. «Жас ұлан»

Шығарар намыс топты алдан,

Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің – «Жас ұлан».

ІІ топ. «Жас тұлпар»

Тұлпардың байқа шабысын,

Таңдаймыз жолдың алысын.

Білім менен өмірде,

Қорғаймыз топтың намысын!

ІІ кезең. «Сөздер сөйлейді».

Сайыскерлер бұл кезеңде берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.

  1. Дүкенде, анам, сатады көкөністер, менің.
  2. Қасында, бар, үйдің. Дәріхана, үлкен.
  3. Сегізде, келеді, мектепке, сағат Данияр.
  4. Жақсы, бүгін, ауа райы.
  5. Соғады, жел, суық.
  6. Ұшып, кетеді, құстар

ІІІ кезең. «Кім жылдам?».

Оқушылар орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударады. Бұл сайыста оқушылар тез, жылдам жауап берулері керек

І топ

День - күн

Озеро – көл

Праздник – мереке

Спортсмен – спортшы

Природа – табиғат

Девиз – ұран

Длина - ұзындық

Высота – биіктік

ІІ топ

Кружок – үйірме

Время – уақыт

Доброе утро! – Қайырлы таң !

Витамин – дәрумен

Подарок - сыйлық

Труд – еңбек

Желаю - тілеймін

Радость - қуаныш

ІV кезең. Сөз мәйегі - мақал».

Сайыскерлер Отан, туған жер, тіл туралы мақалдар айтудан жарысады.

  1. Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
  2. Қарға баласын аппағым дейді,

Кірпі баласын жұмсағым дейді.

  1. Өнер алды - қызыл тіл.
  2. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  3. Басқа пәле тілден.
  4. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

VI кезең. «Сен білесің бе?». Тақтада он екі ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап беру керек.

  1. Қандай мерекелерді білесің?
  2. Отбасыңда қанша адам бар?
  3. Сүт тағамдарын ата.
  4. Қандай жыл мезгілдерін білесің?

5.Апта күндері мен ай аттарын ата.

  1. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  2. Жемістердің қандай түрлері бар?
  3. Көкөністің қандай түрлері бар?

9.Өзендер мен көлдерді ата.

  1. Қандай қалаларды білесің?
  2. «С днем рождения!» сөзінің аудармасы қалай?
  3. Сен бос уақытыңда не істейсің?

VII кезең. «Кім тапқыр?». Оқушылар берілген суреттерді іс – қимылмен, ыммен түсіндіреді. Суреттерді түсіндіргенде сөйлеуге болмайды.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті.Кімдердің жауаптары кәміл шықты,Білім мен тапқырлықтың сайысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей, сайыстың қорытындысын білу үшін әділ – қазыларға сөз кезегін береміз. Тіл – ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин