Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

MANAT
3 мин оқу 20 оқылым

БАЙЖІГІТОВА МАНАТ ҚАЛДЫБАЙҚЫЗЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚҰРМЕТ, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАУ БАЛАБАҚШАДАН.

Қазақ сыныбында оқитын баламның сынып жиналысына бардым. Жиналыс басынан аяғына дейін орыс тілінде өтті. Қоңырау кезінде сыныптың оқушылары бір-бірімен орысша шүлдірлеп тұр. Осы мәселені аулада кішкентай қызымның бірге ойнайтын құрбыларының ата-аналарымен талқыладым.

Бір қыздың әжесі: «Бүгінде барлығы аулада орысша сөйлеседі, үйде орысша сөйлейміз, теледидарда ақпарат орысша. Қазақ тілін үйренсін деп немеремді арнайы қазақ балабақшасына бергіздім», -деді.

Көрші ата-ананың бірі: Балам тамақ ішіп болып орнынан тұрып бара жатқан әкесіне: «Әке, тамақ ішіп болған соң, асқа бата беру керек қой! Біз балабақшада күнде тамақ ішіп болғанда, ас қайырамыз»,- деп таң қалдырмасы бар ма... Әкесі «Батаны қалай береді?»- дегенде, балам екі алақанын жайып, бата айтып, ас қайырды. Содан бері ас ішіп болғанша ешкім орнынан тұрып кетпей, барлық отбасы мүшелеріміз тамақтанып болған соң ас қайырып, дастарханнан бірге тұратын болдық»,- деді.

Тағы бірде кішкентай қызым баратын Астана қаласындағы Әсемгүл балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назерке Құрбанәліқызының ортаңғы топқа қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағының куәсі болдым. Сабақ балалармен шаттық шеңберін құрып сәлемдесуден басталды. Негізгі бөлім сурет арқылы түсіндіріліп, балалармен сұрақ-жауап арқылы «Менің бөлмем» атты тақырып ашылды. Сергіту сәтінде «Ұзын құлақ сұр қоян» тақпағына сергіту жаттығулары жасалды. «Менің бөлмем» тақырыбындағы түссіз суретті түрлі-түсті қарындашпен бояп, қорытынды бөлімде әр баланың сабаққа қатысуы мен суреттерді кім қалай бояғанына оң баға берілді. Ұстаздың біліктілігі арқасында айналдырған бір сабақта бар болғаны үш жастағы бала қаншама ақпарат алды, тіл дамыту, жаңа сөздер жаттау орын алды, қимыл-қозғалыс, саусақ, тірек-қимыл жаттығулары жасалды, суретті бояу кезінде бала түстердің қазақша атауларын ажыратып үйренді. Сергіту сәтінде қимыл қозғалыс, тірек қимыл жаттығуларын орындап қана қоймай, «қоян» деген аңның атауын, оның төлі қазақ тілінде «көжек» деп аталатынын білді. Бүлдіршіндер сұрақтарға жауап ретінде өз бөлмесіндегі қуыршақтары, мүлік атаулары, тіпті пердесінің түсі мен қандай мультперсонаждың суреті бар екендігіне дейін жарыса айтып жатты. Әр бала өз жауабына, қимыл жаттығуды қалай жасағанына, суретті бояғанына мұғалімнен мақтау естіп, сабақ позитивті эмоцияға толы болды, яғни балалардың өзін-өзі бағалау деңгейі жоғарылады. Бала бір ғана сабақтан жаңа білім мен дағдыларды үйренді, олардың физикалық қана емес, шығармашылық және интеллектуалды қабілеттері дамыды.

Осы оқиғаларды салыстыра келе, ана тілімізге құрмет пен ұмытылып бара жатқан ұлттық, отбасылық құндылықтарымызды бағалау балабақшадан басталатынына көзім жетті. Тіпті мектеп жасына дейінгі бала арқылы ата-ананы тәрбиелеу де балабақшаның қолында екен.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың Жетінші қарасөзінде айтылған «Жас бала ...не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейтін жан құмарлығына толы, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген кезеңінде», оның қоғам мүшесі ретінде енді ғана қалыптасып келе жатқан  шағында, балабақша қабырғасында алған тәрбиесі мен ортаны тануы, дұрыс таным қалыптасуы - болашағымыздың жарқын келбеті. Балабақшаның негізгі міндеті: «Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды» тыйып тастамай» (Абай 7-қара сөз), мектеп табалдырығын аттаған кезеңде қажетті дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосу, Яғни Абай айтқандай «ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына салуға» (Абай 7-қара сөз) ықпал ету - балабақшаның қолынан келетін құдіреті.

Авторы
Байжігітова Манат Қалдыбайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

MANAT

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 14 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин