Мазмұнға өту

Қазақ тілі сабағында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

Калжанова Галия Туребаевна 2 мин оқу 156 оқылым

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІК
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған
қазақстандық білім беру реформасының негізгі
мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы
оқушының бойында шығармашылық ойлауды,
бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу
болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектеп
қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру
арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттері
ашылатын, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім
қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы
мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған.
Құзыреттілік – адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке
қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі.
Құзірет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты
сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі)
жиынтығы.Құзірет-жеке және қоғамдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеті үшін
қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс.
Құзіреттілік-оқушының жан-жақты тәсілдерді игеруде
байқалатын білім нәтижесі. Ол пәнаралық қызмет арқылы
көрінеді. Құзіреттілік біріншіден, білім, білік, дағдының
түпкі нәтижесі. Екіншіден, нәтижеге бағдарлама берілген
білімнің негізгі көрінісі. Үшіншіден, шешуші құзіреттілік
адам бойындағы сапалар мен іс-әрекетіндегі үйлесімділік.
Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына
коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр.
Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен,
топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол
жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен
қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін
коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет
сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады.
Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып
отырған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның
тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де
жетілдіреді.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -
қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және
қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл
арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске
асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы.
Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық
қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени
дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік
құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші
оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол
тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен
байланыстыру.
Оқушылардың қазақша коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесі тілдің қатысымдық және когнитивтік
салаларының өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан
туындаған жаңа бағыт. Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын
қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін
ескеру, олардың түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын, пікірін
жеткізу, коммуникативтік міндеттерді шешу, қатысымдық
мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын
орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру
мәселелері алдыңғы орынға шығады. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева
«коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды:
«коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарымқатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты
мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу
процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен
қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты,
өзара түсінушілікті көрсетеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Калжанова Галия Туребаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин