Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ салтындағы бала тәрбиесі

Айшат
1 мин оқу 65 оқылым

Бағзы заманнан, адамзат жаратылған кезден-ақ, тәрбиеге мұқтаждық қоса туындаған. Ата-баба өз мұрасы мен тәжірибесін ұрпағының бойына сіңіруге, оны түзу жолға салып, тәрбиелеуге тиіс болды. Адам баласы дами түскен сайын, сол білім мен тәжірибені ұрпаққа үйрету де қиындай түсті. Бұл процесс қиындай түскен сайын, адамдар жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесін мүмкіндігінше сақтаудың және терең түсінудің қамын ойлай бастады. Осылайша рухани мәдениет бала тәрбиесінде үлкен рөлге ие болды.

Еліміздің рухани байлығы халықтық педагогикамен, адамгершілік насихатымен, діннің рухани уағыздарымен өте тығыз байланыста. Сонымен қатар, бала тәрбиесі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мереке мен халықтың көркем шығармашылығынан да көрініс табады. Көріп отырғандарыңыздай, қазақ халқының рухани мұрасы өте бай. Ертегі, аңыз әңгімелер, шежірелер мен дастандар арқылы дана халқымыз бала тәрбиесіне бесікте жатқан күнінен-ақ мән берген. Мұның мәні халқымыздың бала тәрбиелеуді өзін-өзі сақтауға ғана емес, өмір сүру жағдайын жақсартуға да қажетті міндет деп ұққандығында. Әрбір ауыз және жазба әдебиетінің астарында өте зор көлемдегі ақпарат болған. Бұл өз кезегінде бала мен жасөспірімдердің эстетикалық және логикалық сезіміне зор ықпал еткен. Яғни, қазақ халқы үшін тәрбиедегі ең басты нәрсе - әрбір баланың шығармашылық дара қабілетін ашу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мен сол арқылы саналы ұрпақ қалыптастыру болған.

Бала тәрбиесі отбасынан басталатыны анық дүние. Ал, осы отбасылық тәрбиенің өзегі тәрбиелік дәстүрлерден құралады. Яғни, тәрбиелік дәстүр көмегімен ата-ана жас бала бойына алдымен адамгершілік қағидаларын, рухани құндылықтарды сіңірген. Дегенмен, белгілі бір әдет, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ерекшеліктерін бала бойына "ана сүтімен" сіңіреді. Осы тұста "Бала тәрбиесі -бесіктен" деген мақалдың тектен текке айтылмағандығын ұғуға болады. Бір сөзбен айтқанда, адам тәрбиесіне барлығы да белсене қатысқан: жас та, кәрі де, ата-анадан бастап, әлеуметтік орта мен ағайын-туысқа дейін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 44 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым