Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ қоғамы неге шулы басылымға құмар?

Диас Балтабаев
1 мин оқу 31 оқылым

Ең әуелі салқынқанды халықтың санасын сөз етпестен бұрын, “сары басылым” ұғымына тоқталайық. Сары басылым - сенсациялық, шулы, белгілі бір өзектілігі болмаса да халық арасында кеңінен талқыланатын баспасөздің бір бөлімі. Бүгінде қазақ қоғамында аталған басылымға сұраныс тіптен жоғары. Халықтың “сапаға”  қарағанда “сары” басылымға бет бұруының өзіндік себептері де жоқ емес. Жаңа технологиялар заманында  еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желіге тәуелді екендігі жасырын емес. Оқырманның жасынан кәрісіне дейін күнде жұлдыздардың парақшасын ақтарып, өзгенің жеке өмірінен хабардар болғанды ұнатады. Соңғы талқыға іліккен тақырыптардың бірі - Ұлы Дала баласы Төреғалидың қарындасының тойы. Қос ғашыққа бақыт тілеген оқырмандарға қарағанда, “Қалың малы қанша болыпты?” , “Жасауында тек бренд заттар екен” деген секілді сұрақтар ел қызығушылығын тудырды. Ең өкініштісі, бүгінгі қоғамға ел ішіндегі елеулі оқиғаға қарағанда осы сынды арзан ақпараттар әлдеқайда өтімді. Соның арқасында мардымсыз дүниелер баспасөз беттерін қызыл жалындай жалмап жатыр. Қалың бұқараның сенсациялы өсек-аянға құмартуы сапалы басылымның өзін-өзі ақтамауына әкелуде.

Одан бөлек, біздің қоғамда саяси білімнің төмендігі де сапасыз ақпаратқа тәуелділіктің бірден бір себебі болып отыр. Демократиялы қоғамда халық үнін “тыңдайтын” емес, “тонайтын” биліктің үстемдігі байқалады. Салдарынан  көпшілік қоғамдағы қордаланған мәселені қозғаудан аяқ тартып, мағынасыз мәселені місе тұтады.

Қоғамның даурықпа әңгімеге үйір болуы шындықты шырқырата жазатын басылымдардың санын азайтып, рейтинг үшін жұмыс жасайтын редакция қатарын көбейтіп отыр. Өсек-аянға құмартқан оқырманның арқасында “қияли, араншыл, суайт” журналистер де күн санап артуда.  Демек, БАҚ беттеріндегі мардымсыз ақпараттың дәуірі жақын арада аяқталмасы белгілі. Қоғам санасының соқырлығынан ба, әлде, биліктің жіберген қателігінен бе “сары басылымның” ғұмыры ұзарып, беттері әлі де қалыңдай түспек. Алайда, тек бір нәрсені естен шығармайық. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер. Бос әңгімеге уақыт құртып, болашақтың еншісінен таяқ жемесек болғаны.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Диас Балтабаев

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Диля

    Дурс айтылған👍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым