Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қазақ мұңы» газеті және Нәзір Төреқұлов

Автор

Омарова Ұлана
2 мин оқу 107 оқылым

ХХ ғасырдың бастапқы уақытында халықтың санасына сәуле түсірген қазақ зиялылары үлкен ағартушылық қызмет атқарған. Халықтың толыққанды білім алуын қалап, елінің ертеңі еңбек еткен тұлғалар тарихымызда аз болмады. Олар ұлттық ұстанымның туын биік ұстап, ұлтының жоғын түгендеді. Алайда, тарихи кезеңде қайшылықты пікірлердің болуы заңдылық. Солардың ішінде Нәзір Төреқұловтың «Қазақ мұңы» газеті арқылы көтерген мәселелері, ұстанған бағытын ерекше екпінмен айта аламыз.

«Қазақ мұңы» газеті 1918 жылы Торғай облыстық комиссары Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған еді. Газеттің алғашқы нөмірінде Ә.Жангелдиннің Торғай кеңесінің І съезінде сөйлеген сөзі берілді. Бұл сөзінде ол кеңес еңбекшілері мен жұмыскерлерінің қажырлы еңбегі мен негізгі талабын көтере отырып, әр аймақта кедей табының мұқтажын көтеретін кеңестер одағының құрылуына жол ашу керегін айтты. «Қазақ мұңы» газетінің негізгі ұстанымы да – Кеңес одағының саясатын қолдап, солардың жұмысын жандандыру. Газеттің алғашқы нөмірі жарық көрген 1918 жылдың 21 наурызынан бастап «Қазақ мұңы» газетінде еңбеккершілер, жұмыскерлер, кедей тап өкілдерінің құқықтары мен талаптары айтылып, осы бағыттағы мәселелер көтерілген болатын.

Міне, осы бағытты ұстанған газетке редакторлық еткен Нәзір Төреқұлов большевиктер саясатын насихаттайды.Нәзір газет тізгінін қолға ала салысымен маңайына білікті, білімді журналистерді топтастырады. Нәзір жергілікті баспасөзге бірқатар ғылыми-публицистикалық, саяси және әдеби мақалалар беріп отырды. Оның жарық көрген «Шығыс және жалпы келісім-шарт», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Түрік тілі» сынды мақалалары журналист Нәзірдің қаламының қарымды жүйрік мақалаларының терең де мазмұнды екенін аңғартады.Ол өзінің революциялық идеяларын жүзеге асыру үшін Өзбекстанға қайта оралады.

Нәзір Төреқұловтың публицистика саласында еткен еңбегі орасан. Оның қазақ көсем сөзінің алға қадам басуына, қазақ тіліндегі газеттің жариялануына қосқан үлесі шексіз. Сол себепті, оның журналистика саласындағы ізденісін, қаламгерлік қабілетін ұмытпаймыз. Оның редакторлығымен шыққан «Қазақ мұңы» газеті де осы бағыттағы іргелі басылымдардың бірі болып саналады.

Омарова Ұлана

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Омарова Ұлана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Жас Алаш» газеті

Мәтінде «Жас Алаш» газетінің 1921 жылы Ташкентте жарық көру тарихы, алғашқы саны мен негізгі айдарлары, қазақ публицистикасындағы орны баяндалады.

Омарова Ұлана 133 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин