Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ халқының мүддесін ойлаған «Серке» газеті

Bilimger Media
2 мин оқу 75 оқылым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті, 1-курс студенті

Ұлдана НУРАДИН

«Серке» газеті – 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. «Серке» деп газеттің аталу себебі, боранда қой бастайтын «көсем» мағынасында қолданылған ұғым. Яғни бұл жерде адасып қалайын деп тұрған ұлтты жинақтап, басын біріктіріп, бірлікке, ынтымаққа шақыру болып есептелінеді.

«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан газет. Сол заманда Патшалық Ресейдің рұқсатымен екі жетіде бір рет шығып отырды. Ол заманда да газетке жазылу болды. Осыған орай «Серке» газетіне жазылу құны бір жылға 2 сом, жарты жылға 1 сом 25 тиын болса, жеке саны 10 тиынды құрады.

«Серке» газетінің түпкі мақсаты елдің жағдайын ойлаған, ұлт мүддесі үшін күрескен зиялы қауымның саналы іс-әрекетінің салдарынан дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылым. «Серке» газеті секілді қазақ тілінде және биресми газет шығуы ұлт үшін оның мүддесі үшін тарихылық маңызы өте зор.

«Серке» газетін шығарушылардың бірі Міржақып Дулатұлы: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады», - деген ой қалдырған. Сонымен қатар, зерттеуші Ә.Әбдіманов: «Серке» - қазақтың биресми, саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алу керекк – десе, француз тарихшылары А.Беннигсен, Ш.Лемерсье-Келькежей: «Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде» - деп, алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақыттарын суреттеген.

Ұлт үшін барлығына дайын болған зиялы қауымдар, газет үшін бәрін істеді. Солардың бірі Міржақып Дулатұлының «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласын жариялап қоғамды оятты деуге келеді. Яғни осы «Серке» газетінде жарияланған мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу болды. Бірақ та қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды. Дегенмен, қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды. Соның ішінде ақын-журналист Міржақып Дулатұлының өлеңі мен мақаласы қатты әсер етті. Солайынан бір ғана саны шығып, жабылып қалды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет
  2. Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.). –Алматы: Білім, 2010. – 308 бет

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым