Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҚАЗАҚ ҺӘМ 4-ШІ ДУМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Нугманова Аяжан
2 мин оқу 72 оқылым

Қазақтың жері мен қым – қуат тірлігін сол аймақта мекен ететін жаннан артық ешкім білмейтіндігін алға тарта отыра, халқымыздың жай – күйі ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кететінін мәлім етіп, билікке ұмтылмаған жерлестеріне қарап налиды. Өз мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы: «Орынборда тұрған қазақ азаматтары ішінде 163 Түркістан жағынан келген Қоңырқожа Қожықов бар, ақылдасып басқа жолмен қазақтан депутат болу жайын қарастырдық», - деп бұл мәселеге сайлау алды науқаны басталмай тұрып кіріскендерін, тіпті «ашық хат» жолдап, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізгендігін айтады. Алайда, отаршыл саясаттың озбыр тірлігі бұл қадамдардың бәріне тосқауыл қойып, қазақтың жай – күйін дұрыс жеткізе алмаған. Тіпті, олардың өздеріне тән жобасы әзірленіп, жоспар бойынша «жер мәселесі турасында проектілер» қаралмақшы болғаны мәлім болды. Сан ғасырлар бойы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғап келген, кең жазиралы жерімізден айырылуға қауіп төнгенін қарапайым халық тіпті дұрыс түсінбеген де болатын. Еліміздің әр пұшпақ жеріне жан ұшыра шырылдап, жаңа жобаға қарсылық танытқан азамат, тіпті бұл әрекеті үшін билік органдарынан омақаса таяқ жеп, қатаң жазаға ұшырағаны да тарихтан баршамызға белгілі. Қазақ деп шырылдап жүрген Ахмет Байтұрсынұлы өз халқының азаматтарының заңды білмеуі салдарынан сайлауға түсуге де қауқарсыз екендігін алға тартып, өз құқықтарын білмей жерінен айырылып қала ма деп қапа болады. Осылайша ол хал мүшкіл, жер мәселесі қозғалғанда қазақтардан азамат болмайды, олардың жағдайын түсіндіре алмайды деп дал болып, осы мақсатта ел азаматтарынан думаға депутаттыққа өкіл беруді өтінеді. Саясаттан терең хабары бар жан, бәрін заң аясында, тиісті талапқа сай орындағанымен, түйіткілді мәселе өз шешімін таппай тұрғандықтан, оны жалпақ жұртқа баспа бетінде жариялауды жөн көріп, аталмыш мақаласында барлық жайтты жайып салады. Қанша тырысса да қазақтан думаға депутат сайланбағанына іштей өкініш білдіріп, ашық наразылық танытып, әлі де болса қалың жұртты қалың ұйқыдан оятуға тырысады, саналарына сәуте түсіруді ойлайды. Мақала арқылы маңызды мәселелерді айналып өтпеуге шақырады. 1912 жылы жарияланған бұл жазба, өте құнды құжат есебінде. Себебі, бұл жерде саяси өмірге белсене араласқан адамдардың аты – жөні, сол заманның бейнесі және қазақ қоғамының тынысы жазылған.
Ел тәуелсіздігі мен халық билігі жат жұрттың қолында тұрған тұста мұндай мақала жариялап, мәлімдеме жасаудың өзі үлкен ерлік. Себебі, қаламнан төгілген әрбір сөз жіті бақылауда болып, арандатушылық, халық жауы, сатқындық деген тіркестерді арқалауға себеп болып, қиянат жасалатын уақытта, ешқандай жеке басына төнетін қауіпке қарамай, халқының көзін ашуға ұмтылған азаматтың бұл әрекеті расымен кез – келген жоғары мақтауға лайық!

Нугманова Аяжан
Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к.,доцент Р.С. Жақсылықбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нугманова Аяжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым