Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ дерті

Нұрайша
2 мин оқу 24 оқылым

Қазақ дерті
Қазіргі таңда қазақта жазылмай тұрған бір дерт бар.Қандай дерт дейсізғой?дертті айта берсек көпқой әрине тіл дерті,дін дерті,ұлт дерті бұның әрқайсысын ашып айтпасам да түсінікті болар.Мен қазір осы әңгімемде,тіл дерті жайлы айтқым келіп отыр.
Бұл тіл дерті қашаннан бері қозғалып та келді, дегенмен де,жазылатын түрі жоқ.Күннен-күнге күшеймесе,тоқтамай тұр.Біз осы қашаннан бері осылай тілімізді сататын дәрежеге жеткенбіз?қашаннан бері өз тілімізді ұмытатын жағдайға жеткенбіз?Қазақ тілі байырдан келе жатқан ғажайып тіл.Дәл осы тілде ұлы Абайымыз,Ахметіміз,Мағжанымыз,Мұқағалиіміз,Ыбырайымыз сынды дана кісілер оқып,сөйлеп,жазып кетті емес пе?сонда сол болашағы үшін,қазақ деген ата-бабаларымызға қиянат жасағанымыз ба?Осы орайда,Мұхтар Әуезов атамыздың асыл сөзін айтқым келіп отыр"Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін,өзінің әдебиетін сыйламаса,бағаламаса оны сауатты,мәдениетті адам деп санауға болмайды"-деп айтып кеткен екен.Бұндай дана кісілерден ауыр сөз есту қандай жаман еді.Әрі бұл кісілердің ақылын тыңдамау да,ақымақтық.Осы қашанға дейін өз ана тілімізде қирап,өзге тілде яғни,орыс тілінде сайрай береді екенбіз?
Тәуелсіздігімізді алғанымызға 31 жыл толып отыр.Яғни,Ресей үкіметінен босап шыққанымызға 31 жыл толып кетті.Енді біздің өз тіліміз,дініміз,жеріміз бар.Ендеше не үшін әлі де өзге тілде сөйлей бермекпіз? Бұны доғаратын уақыт келді,келіп те қойған.Бұның бір шешімін таппасақ,ана тіліміздің болашағы жоғалып бара жатыр.Менің бар айта алатыным барлық жерді қазақ тілінде қылып,мекеме барлығына қазақ тілінде сөйлей алатын мамандарды орналастыру қажет.Әрі жұмыс орындарына да қазақ тілі міндеттелуі қажет.Сонда ғана мүмкін орыс тілі жоғалар,бірақ қайдам бұл мәселені қозғағалы қаншама уақыт өтті әлі ешқандай өзгеріс жоқ.Ана тіліміздің болашағы мына сіз бен біздің қолымызда ғой,ана тіліміздің бұрынғы қалпына келуіне барынша ат салысайық.
Қазақ тілі-сұлулығымен бой балқытып,тамыр шымырлататын,жан-жүйеңді жандырып,құлақ құрышын қандыратын,өткірлігімен қысылтаяң тұста,ер мен елге бірдей медет беріп,адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.Осындай сипаттағы қазақ тілі тұрғанда өзге тілді не қыламыз?!Сол үшін барлығымыз да,қазақ тілінде сөйлеп,өзге тілді емес өз тіліміздің дәрежесін көтерейік дегім келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нұрайша

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым