Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ әйелінің орны ошақ басында ғана емес…

Автор

Ыбырай Ақерке
2 мин оқу 52 оқылым

Қазақ халқының тарихы мен әдебиетінде әйелдер көсемдігі,олардың даналығы мен қоғамдағы ықпалы ерекше орын алады.Дәстүрлі қазақ қоғамында әйел тек отбасының ұйытқысы болып қана қоймай,ел басқару,билікке араласу және ұрпақ тәрбиесі ісінде маңызды рөл атқарған.

Қазақ әдебиетінде нағыз қазақ қызының бейнесін көрсеткен Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы.Неге десеңіз? Ұлпан адал,Ұлпан нағыз әйел,Ұлпан көсем,Ұлпан батыл.Ол қазақылықтан аттап кетпейтін нағыз қазақтың намысшыл қызы.Мен үшін романдағы бұл кейіпкер қазіргінің бұрымдыларына үлгі боларлық тұлға.Оның байыпты тірлігі,даналығы кез келген жанды тәнті етеді.

Ұлпан ерте жастан-ақ өзінің ақылдылығы мен қайсарлығымен көзге түседі.Ол ерікті түрде өзінен біршама жас үлкен Есенейге ұзатылады.Есеней-ел арасында беделді,ақылды әрі бай адам.Екеуінің жас айырмашылығы мен сүймей қосылғанына қарамастан, Ұлпан оны ер азаматы ретінде сыйлап,әрқашан басын төрге сүйрейтін.Есеней де Ұлпанның мұндай сыйластығынан соң,белгілі бір шешім қабылдамас бұрын міндетті түрде жарынан  кеңес сұрап,ақылдасатын.Ұлпан ел ішіндегі мәселелерге араласа бастайды.Дегенмен атағы асқақтап тұрса да,ер азаматынан бір саты төмен тұруды жөн көретін.Ғұмыры енді басталған шақта Ұлпан жұбайы Есенейді жоғалтады.Оның өлімінен кейін Ұлпан ер азаматының орнын ойсыратпай,елдің еркіндігі мен бірлігін сақтауға үлес қоса бастайды.Ол әділділігімен,қайырымдылығымен,ел басқарудағы тапқырлығымен бүкіл халықтың құрметіне бөленеді.Ұлпанның дана шешімдері арқылы ол елдің сүйікті анасына айналады.

Алайда бейбақ Ұлпанның тағдырында сынақ мұнымен біте қоймады.Жалғыз тұяғы Біжікенді құтты орнына қондырған соң,сұм ажал оныда ала кетті.Онымен қоймай тыңғылықты әрі ұзақ таңдаған күйеу баласы сатқындық жасап, арам пиғылын іске асырды.Ел анасы Ұлпанның билігін тартып алып,бар байлығынан айырды.Соңында кішкентай ауыл ханшайымынан,дүйім бір елдің ханымына айналған Ұлпан қаңыраған бос сарайда ажал құшты.

Ұлпанның образы арқылы Ғабит Мүсірепов қазақ әйелдерінің қоғамдағы маңызын,олардың тек ошақ қасындағы тірлікке ғана емес,ел басқару ісіне де араласатын күшті тұлғалар екенін көрсетеді.Қазақ тарихында әйелдердің көсемдігі мен қайсарлығы маңызды орын алады.Қазақ қоғамында әйелдерге ерекше құрмет көрсетілген.Ұлпаннан бөлек тарихта Томирис патшайым, Домалақ ана,Бопай ханым,Айша бибі секілді әйел билері мен ақылман аналар жетерлік.

«Қыздың қырық жаны бар» деген нақыл сөз нақ осы біздің қазақтың қыздарына арналғандай.Олардың алдарына қандай сынақ келсе де,ер азаматтай төтеп бере алатын күш жігербар.Ошақ басы мен билікті бірдей ұстаған қырық жанды қыздардың көрінісі күні бүгінге дейін бар.Олар білім мен мәдениет,саясат пен ғылымда өздерінің көсемдіктерін паш етіп жүр.

Қазақ қыздарының көсемдігі жайында қалам тербесек,ұзаққа кетеріміз анық.Себебі қазақ қыздарының көсемдігі әлі біте қойған жоқ..Сонымен қазақ әйелінің орны ошақ басы,бала шағамен шектелмейді.Олардың да ер азаматтай күш жігері,талабы,ойы,таңдауы,құқығы бар.Сондықтан сонау әдебиет пен тарих беттерінен алынған қазақ қыздарының болмысын сақтайық,құрметтейік,аялайық.Себебі біздің ұлт болып қалыптасуымызға бірден бір себепкер қазақтың көсем қыздары.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ыбырай Ақерке

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақ әйелінің орны ошақ басында ғана емес...

Мәтінде Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы ақылды, қайсар кейіпкердің ел басқарудағы рөлі мен тағдыры сөз болады. Ұлпан бейнесі арқылы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны сипатталады.

Ыбырай Ақерке 89 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Менің арманымдағы журналистика

Сержанқызы Менің арманымдағы журналистика Армансыз пенде болмасы анық.Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды шешімдердің бірі.Бір рет таңдалған мамандығыңмен өміріңнің соңына дейін ғұмыр кешесің.Мамандық таңдау…

Ыбырай Ақерке 20 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин