Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қасқыр мен жеті лақ

Ахунбекова Ж.У.
3 мин оқу 842 оқылым

Ахунбекова Ж.У.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнын түсініп, оны әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнерлеп келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын байыту. Тілдерін дамытып байланыстыра сөйлеуге үйрету. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту. Балаларға жақсы және жаман кейіпкерлердің іс - қимылдарын ашып көрсету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін ламыту, тұзды қамырдан жаңа бейнелер жасай білуге үйрету. Сурет салуда өзінің қиялын келтіре білуге жаттықтыру. Уақыты жұмыс істеу дағдыларын үйрету. Еңбек сүйіспеншілікке, тазалыққа, мейірімділік пен адалдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап. Ойын қозғау, суретпен жұмыс әңгімелеу тақпақтар топпен жұмыс іс - қимыл әрекеті.

Көрнекіліктер: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бейнеленген мазмұнды сурет, щеткалар, үлкен көлемді тақта қанатты сөздер.
Билинвалды компоненті: Ертегі - сказка, жеті — семь, лақ — козлят, қасқыр -
волк, орман - лес, үй - дом, шұңқыр - яма.

Тәрбиешінің іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Амандасу рәсімі: Сәлеметсіздерме, балалар?

Тәрбиеші: «Балапан» атты балабақшаның Тәрбиелі баласы.
Ең алдымен қонақтармен сәлемдесіп алады.

Бала: Сәлеметсіздер ме, Здраствуйте .

Тәрбиеші: Балалар бәріміз жақын тұрып,
«Достық шеңберін» құрайық.
Армысың Жер - Ана
Армысың Қүрбы - құрдас
Армысың Бала - бақша

Тәрбиеші: Балалар ал енді бір - бірімізге достық тілектерімізді білдіреміз.

Бала: Аспанымыз ашық болсын. Қаламыз гүлдене берсін! Суымыз мөлдір болсын!
Бақшамыз гүлдене берсін! Балалар бақытты болсын!

Тәрбиеші: Балалар шын жүректен айналған тілектерің қабыл болып, жүректеріңнен
шыққан тілектерді қонақтарға сыйлаймыз.

Тәрбиеші: Келіңдер балалар бүгінгі күніміз көңілді өтсін, күліп жүрейік деп әдемі
бір өлеңімізбен бастайық.

Бала: Кел, балалар күлейік.
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар орындарыңа отырыңдар.
Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Бала: «Шалқан», «Үйшік», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық»

Тәрбиеші: - Балалар мен бүгін сендерге ертегі айтқым келіп тұр, бірақ сендерге  жұмбақ жасырамын, егер тапсаңдар ертегіміздің сол жайлы болатынын  білесіңдер.

Жұмбақ
Басында 2 таяғы бар Ешкінің баласын
төрт аяғы бар не дейміз (лақ)
екі құлағы бар. оны қалай шақырамыз?
иегінде сақалы бар (шөре - шөре деп)  (Ешкі)

- Жарайсыңдар балалар! Ендеше көзімізді жұмып, өзімізді орманда жүреміз деп  елестетейікші. Орманның іші қаңдай тамаша, ауасы таза, айналасындағы құстар  дыбысы, кілемдей болып төселген жап — жасыл шөп, мөлдір аққан бұлақ. Анандай  бір жерде үлкен 1 үй көрінеді. Алдына барайықшы бұл кімнің үйі екен? Онда кімдер  тұрады екен? Терезесінен сығалап қарайық (балалар қарайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар сендер төлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Бала: төлдер туралы тақпақ айтып өтеді.

Тәрбиеші: Келіңдер балалар сендермен ойын ойнайық. «Ойын тақия тастамақ»,  Шарты тақияны жерден алу. Алалмаған бала мақал - мәтел айтады.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Балалар сендерді «Шығармашылық ортасы» -күтіп отыр балалар қашан келер екен деп.Қане енді жолға шығып, шығармашылық өнер орталығына барайық. Жолды қысқарту үшін тақпақ айтып барайық.

Бала: тақпақ айтып өнер орталығына келеді.

Тәрбиеші: Балалар біз алдымен жұмыс жасамас бұрын сергіту сәтін жасап, қолдарымызды шынықтырып алайық.

Сергіту сәті.
Кәне біздің қолымыз
Оңымыз бен солымыз
Міне оң қол алақай.
Міне сол қол балақай.

Тәрбиеші: балалар орнымызға отырып, жайғасамыз, барлығымыз бері қараймыз  мынаны қараңдаршы мен жаңа ғана орманға барған кезде әлгі ешкі мен жеті лақты суретке тұсіріп алған едім енді соны сендерге көрсеткім келіп тұр. Мынау ешкі, мынау ешкінің несі (балалары) Анау терезеден сығалап тұрған кім? (Ол қасқыр). Балалар келіңдер қамыққан ешкілердің көңілдерін көтеру үшін оларға арнап өзіміз қолымыздан жасалған. Ешкі мен оның балаларының әдемі мүсіндерін жасаймыз.

Бала: - Жеті лақты жапсырып шығады.

Тәрбиеші: - Балалар келіңдер келген қонақтарды сыйлап, сый - сияпатымызды берейік, сонда қасқырда бізді көріп, өз ісінен ұялып келесі жолы ешкімен оның балаларына тиіспей олардың тыныштығын алмайды.

Тәрбиеші: Балалар сендер барлығың бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандар
жарайсыңдар. Балалар мен сендерді жақсы көремін. Ал сендер ше?

Бала: Біздер сізді және келген қонақтарды жақсы көреміз.

Тәрбиеші: Ендеше қонақтармен қоштасатын сәт келді.

Бала: Сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ахунбекова Ж.У.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 295 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым