Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ахметова Нургуль
3 мин оқу 162 оқылым

Формат: сырласу сағаты.
Тақырыбы: « Қыз бала тәрбиесі халықтың ең қымбат байлығы»
Мақсаты: қыз баланың ұлт келбеті,көркі екенің бойына сіңіре отырып ,әдеп пен сыпайлық,білімді де білікті қыз баласын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд.
Платформа: ZOOM
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. «Кел,сырласайық»
ІІІ. Сұрақ -жауап
IV. Қорытынды.
Өту барысы:
І. Кіріспе.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса боймен қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымыз « Қыз бала тәрбиесі халықтың ең қымбат байлығы»онлайн жиналысымыз өтеді.
Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою әлемнің өзге елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ, қазірде қызды тәрбиелеуде ұлттық тәрбие негізінен алшақтап барамыз. Қыз баланы қалай тәрбиелеп жүрміз осы?
Ата-бабамыз қызға «қонақ» деп төрден орын беріп, парасаттылыққа баулып өсірген. Қазекем өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, қылықты болуын қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, оның жүріс-тұрысы мен киім киісі – тәрбиенің негізі. Мойындау керек, кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Күн көрістің қамы дейміз бе, жоқ әлде жұмысбастылықтан ба бала тәрбиесіне көңіл бөлу азайғандай. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық.

ІІ. «Кел,сырласайық»
Қыздарға суреттер көрсетіледі. Берілген суреттерге қыздар өз ойларын ашық айтады.Қыз балалардың қазіргі кездегі әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігіне байланысты ой талқылау.

«ТikTok» видео түсіруге арналған сервис. Оны көбіне көңіл көтеру мақсатында жастар қолданады. Әйтсе де Тик Токтан пайда тауып отырған жандар бар.Оның кейбір адамдарға пайдасы бар.Кейбір қыздар одан ақша таба алады.
Оған қоса зардабы бар. «Атын шықпаса жер өрте»дегендей жас ерекшелігіне,қазақ қызының тәрбиесіне жатпайтын видеолар түсіреді.

Қыз бен жігіттің достық,махаббат қатынасы.Оның зардабы бар.Ол ерте жүктілікке әкеліп соғады.Ерте жүктілік ата анамызды ұятқа қалдырады.Жігітпен жақын қатынаста болсақ ерте есеміз,ол біздің организмізге зияны бар.Әлеуметтік желіде танысудың да қыздарға зиян.Әлеуметтік желіге фото,үйдің мекен жайын салуға болмайды.

Етеккірдің басталуы қыз баланың жеке бас гигиена ережелерін қатаң ұстануын талап етеді. Әдетте, дені сау, спортпен шұғылданатын, жақсы тамақтанатын қыз баланың етеккірі ауырлық туғызбай, жақсы өтеді.
• Етеккір кезінде ауыр физикалық жұмыстар жасамаған дұрыс. Қыз бала ауыр зат көтермегені жөн.
• Етеккір кезінде сыртқы жыныс мүшесін таза ұстағаны маңызды.
• Қыз бала жыныс мүшесін алдынан артқа қарай жылы сумен жууы керек.
• Жыныс мүшесін тәулігіне кем дегенде екі рет жуу керек.
• Етеккір кезінде ваннаға, бассейн, өзен, көлдерге суға түсуге болмайды. Өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс мүшесінің қабынуына әкеледі.
• Етеккір кезінде булы моншаға түспеген дұрыс.
•

Қыз баласы әдемі киіну керек.Ол қыз балаға жарасымды,қасымызда жүрген ұлдарға ерсі болмау керек.Қазіргі кездегі мектеп формасы сәнді,ыңғайлы жасалған.Мектеп қабырғасында жүргесін қыз бала жинақы болу керек.Жас ерекшілігіне байланысты киіну қажет.

ІІІ. Сұрақ -жауап
Жиналысқа қатысып отырған мектеп директоры,тәрбие жөніндегі орынбасар,қыздар ұйымының жетекшісі,мектеп психологі оқушы қыздардың сұрағына жауап береді.Оқушылар кез келген өзддерің мазалап немесе қызықтырып сұрақтарды қоя алады.
IV. Қорытынды.

Тілейміз жақсылықты баршаңызға,
Тұрмасын сұрғылт бұлттар аспанында,
Қыздарымыз құлпырып қызғалдақтай
Мәңгілік жүріңдерші ортамызда.- деп бүгінгі қыздар жиналысымызды аяқтаймыз.

Авторы
Ахметова Нургуль Куандыккызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Ахметова Нургуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Әлемде бала тәрбиелеуден игі іс жоқ!

Куандыккызы Әлемде бала тәрбиесі өте маңызды.Бала тілі бал деп атам қазағымыз бекер айтпаған.Ерте жастан отан сүйгіштікке тәрбиелеп алға қойған мақсатқа жетуіне тәрбиелеу керек.Ең алғаш балабақшаға барғаннан бастап…

Ахметова Нургуль 1 мин 43 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым