Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Арайлым
2 мин оқу 370 оқылым

Алматы қаласы Алатау ауданы
«№177 бөбекжай-балабақшасының»
әдіскері Елгезекова Арайлым.

Әлемнің барлық жерінде болып жатқан соңғы оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қалалардың карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, іс-шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды. Соның ішіндегі үлкен өзгеріс – барлық білім беру ұйымдарының қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуі.
Алматы қаласы Алатау ауданы «№177 бөбекжай-балабақшасы» да елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиясы арқылы білім беру үдерісіне толығымен көшті. Әрине, бұл тәрбиешілер мен ата-аналар үшін қиындау болды. Бірақ іштегі қорқынышқа, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасадық. Басты мақсат- мектепке барар бүлдіршіндердің оқу процесін толық меңгеруіне ат салысу, қалған тақырыптарды балаларға меңгерту.
«№177 бөбекжай-балабақшасының» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Әміржан Баян да сауат ашу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметтерін қашықтан оқытуды бастап кетті. Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына сай жүргізілді. Әр күнге тақырыпқа сәйкес бейне сабақтар, тапсырмалар жасалып, ватсап желісі арқылы балаларға беріліп отырды. Балалар бейне сабақты тамашалап, бейне сабақ соңындағы тапсырмаларды орындап, кері байланыс орнатты. Тәрбиеші тапсырмаларды тексеріп, пікір жазып, «Өте жақсы», «Жарайсың!», «Дарындысың» және т.б сөздермен балаларды мақтап, мадақтап отырды. Осындай күнделікті орындалып жатқан оқу процесін яғни, балаларға беріліп жатқан бейне сабақтар мен үй тапсырмаларын, тәрбиешілердің қашықтан білім берудегі әрекеттерін балабақша әкімшілігі тарапынан қадағаланып отырды. Ата-аналар тарапынан қолдау тауып, қашықтан оқыту нәтижесінде балалар жақсы нәтижелер көрсетті.
Сонымен қатар, балабақшамыздың логопеді Г.Темірбекова «Р» дыбысын үй жағдайында қалай қою керектігін бейне сабақ арқылы өткізді. Педагог- психолог И.Налибаева «Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестерді» ұсынды.
Аталған жұмыстарға балабақша меңгерушісі Э.Нуршаева қолдан келер барлық көмекті көрсетті. Әлемдегі қалыптасқан ахуалға байланысты қашықтан оқыту түріне көшу мәжбүрліктен туындағаны және оның жоспарланбағандығы да мәлім, әйтсе де педагогтар біліктілігінің жоғары деңгейі, олардың бірлігі, ұйымшылдығы, педагогтардың оқу процесін ұйымдастыра білу шеберлігі осы ауыр кезеңді мейлінше оңтайлы, тиімді өткізуге мүмкіндік берді.
Қашықтан оқыту технологиясының артықшылықтарын санасақ: заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану; интерактивті әрекеттесу формалары; уақытты үнемдеу; ыңғайлы уақытта оқу; территориялық шектеулер жоқ; денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Кемшіліктері: топтық жұмыстар жасалмайтындықтан балалардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамымайды; бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейімділік болмайды; топтық жарыстар ұйымдастырылмайды, ұйымдастырудың жөн жобаларын білмейді, оны қолдана алмайды.
Дегенмен, қашықтан оқыту-балабақшалар, мектептер мен жоғарғы оқу орындары үшін қазіргі кезде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты тығырықтан шығудың бір амалы. Қашықтан оқыту технологиялары пайдаланылатын ашық білім беру процесі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу машығын және қашықтан білім алудың көмегімен білім алуды үзіліссіз жалғастыруда.

Авторы
Елгезекова Арайлым

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Арайлым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Кризис 3 лет

Үш жас дағдарысының себептері, баланың дербестікке ұмтылысы және мінез-құлқындағы қиындықтарды еңсеруге көмектесетін тәрбие тәсілдері түсіндіріледі.

Арайлым 4 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Журналистика - менің болашағым

Автор журналист мамандығын таңдауының себептерін және болашақ телебағдарламасы арқылы зорлық-зомбылық көрген адамдарға көмектесу мақсатын баяндайды.

Арайлым 2 мин 33 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым