Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қарым –қатынас дағдыларын» дамытуға арналған жаттығулар.

Bilimger Media
2 мин оқу 775 оқылым

Тақырыбы: «Қарым –қатынас дағдыларын» дамытуға арналған жаттығулар.

Мақсаты: 5-сынып оқушыларын қарым – қатынас жасауға дағдыландыру және дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру, орта буынға бейімделуіне ықпал жасау, олардың бір – бірін түсіністікке, достық, жолдастық қарым – қатынасының қалптасуына әсер ету.

Міндеті: топтың аталуы: бір – біріне деген сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін – өзі тәрбиелеуге және жетілдіруге ынталандыру.

Құрал жабдықтар: жіп, үлкен қағаздар, слайд.

Тренинг жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі бөлім:

  • «Ароал» ойын
  • «Мен кіммін?» ойыны
  • «Өрмекші торы» ойыны

ІІІ.Қорытынды

«Жылы жүрек» жаттығуы

Қайырлы күн, оқушылар! Біз бүгін  «Қарым – қатынас орнату» тақырыбында тренинг  жүргіземіз. Бүгін сіздер топтың бағалауы арқылы өзіңді жақсы түсінуге мүмкіншілік аласыздар, тренинг сізді өзін – өзі жетілдіруге деген тілек тудырады деп үміттенемін!

«Арал» ойыны

Мақсаты: Ұжымда қарым – қатынас әрекетін орната отырып, шапшаңдыққа, жігерлікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.                                                   Жүрісі: Еденге 2-3 үлкен қағаздар (аралдар) төселеді. Балалар оны айналып жүріп, белгі берілген кезде,  (мысалы, алақан соғылған кезде) екі аяқпен  «аралдың» үстіне шығып кетуі керек. Үлгермеген немесе аралға аяғы сыймай қалған оқушы ойыннан шығады, бір арал алынып тасталады. Ойын бір аралда бірнеше адам қалғанша жалғасады.

                                                  «Мен кіммін?» ойыны                                                    Мақсаты: тренингтік қарым – қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қарай ашық сөйлесуге, өзіндік «Мен – тұжырымдамасын» айқындауға, өзін – өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауғакөмектесіп, оларға талдау жасай алуды дамыту.                                           Жүрісі: Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады. Олардан кандай да бір қиындықтан шығу тапсырылады. 1-2 минут қана уақыт беріледі. Мысалы, сіз елсіз аралда тұрсыз. Ол үшін сіз бір өсімдік  немесе жанар түріне еніп, әлгі қауіптен құтылуыңыз керек. Қиын жағдайданишығып және одан аман қалу үшін қандай объектіні немесе өсімдік пен жануарды таңдайтынын ойланып айту керек.

Талқылауы:                                                                                                                                                                          1. Сізде қандай қиын жағдай болды:

  1. Қандай обьекті, өсімдік не жануар кейпіне ендіңіз?
  2. Не үшін таңдадыңыз? Себебін түсіндіріңіз.
  3. Қазір қандай сезімді тұрсыз?

«Өрмекші торы» ойыны

                Мақсаты: оқушыларды топта, ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауға дағдыландыру, бір-бірін тыңдауға үйрету, топпен жетістікке жетуге ынталандыру.

Жүрісі: оқушыларға ортасы түйіліп, бірнеше тармақтарға бөлінген жіп беріледі және оның үстіне қалам қойылады. Оқушылардың мақсаты бірлесе отырып, қаламды түсіріп алмай, жерде тұрған ыдыстың ішіне түсіру.

«Жылы жүрек» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың бір – біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айту.

Жүрісі:оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір – біріне кезекпен тілектерін айтады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым