Мазмұнға өту

Қарттарым асыл қазынам

Рустемова Багдат Мейрамбековна 3 мин оқу 358 оқылым

Жамбыл облысы
Талас ауданы
Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп – интернаты
Тәрбиеші Рустемова Багдат Мейрамбековна

Сабақтың тақырыбы Қарттарым -асыл қазынам
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу ,ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер: фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу.
- Сәлематсыздар ма, оқушылар?
3.Ынтымақтастық атмосферасы.
Үлкенге де “сіз”
Кішіге де “сіз”
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз
Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 2 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады.
Негізгі бөлім:
Ой қозғау.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1) – Қазына деген не?
2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?
3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?
4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз пікірлерін айтады. Тәрбиеші оларды толықтырады.
-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет
қанатты сөз бар халқымызда.. Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні. Бүгінгі сабағымыздан: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп үйренетін боламыз.
Мысал әңгіме «карт пен немере»
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме?
Бір үйде төрт адам тұрыпты. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып ала береді екен. Бір күні келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі
ағаш жонып отырыпты. Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.
Көрдіңдер ме балалар «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.

Ұлағатты сөздер./Дәптермен жұмыс/
Ұлағатты сөздердің мағынасын ашып дәптерлеріне жаздыру.
Үй артында төбешік
Ерттеулі тұрған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса
Жазулы тұрған xат болар.
Бұхар жырау.
Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.
Бұхар жырау.
Қарт адамдардың үйренуге де, ақыл айтуға да қақысы бар.
Василий Сухомлинский
Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.
Томас Фуллер
Жағдаяттар талдау (ситуация)
Балаларға шағын слайд, сурет көрсетіледі. Сол бойынша жағдаятты баяндау.
1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай (Суреттер) Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады.Неге олай ойлайсыңдар?
2.Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі .Видеоролик) Мінекей өздерің көргендей кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес. Неге?
3. Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз?
* Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
* Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?
4 .«Атаңа не істесең,алдыңа сол келер» Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады? (Қарттар үйіндегі жағдай.Видеоролик) Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр,не үшін?
А.Қоразбаевтың «Қара шал» термесін тыңдату.
«Тәрбие тал бесіктен» оқушылар қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)
Оқушылар берілген тапсырманы өзара талқылап баяндайды.
Постер құру.
«Ата-ана ақысы» фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазады)
Қорытынды:
Рефлексия. Оқушылар алмаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі. Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.
Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! Сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Рустемова Багдат Мейрамбековна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қарттарым асыл қазынам

Сабақтың тақырыбы Қарттарым -асыл қазынам Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,…

Рустемова Багдат Мейрамбековна 335 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин