Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Қаршыға" бүркеншік есімімен танымал Смахан Бөкейхановтың "Қарқаралы" мақаласы

Bilimger Media
2 мин оқу 100 оқылым

Смахан Бөкейханов – Әлихан Бөкейхановтың туған бауыры, “Қазақ” газетіне шыққан біршама мақалаларымен танымал. Әлихан Бөкейханов атамыздың оң қолы және соңынан ерген ізбасары болған. Өзін  “Қаршыға”, “Сұңқар” деген бүркеншік есімдерімен газеттерде таныстырған. Не себепті олай атауы беймәлім. Бірақ, кейбір деректерге сүйенсек ағасы Әлихан екеуі де, жазба жариялайтындықтан, шатасып кетпес үшін өзін солай мақалаларының соңына бүркеншік есімін қолданып отырған деген дерек бар.

Мақалаларына тоқталатын болсақ ... Смахан өз мақалаларында айналасында болып жатқан жайтты артық сөзсіз баяндап отырған. Мысалы, “Иақұб (Жақып) туралы” көлемді мақаласы және бүгін біз өз мақаламызда сөз қозғайтын шағын “Қарқаралы” мақаласы. Қарқаралы деп аталу себебі, Қарқаралы петициясына байланысты.

"Қарқаралы петициясы" - қазақтардың орыс үкіметінің отарлығына қарсы тұңғыш жолданған салмақты саяси құжаты. Петицияны ұйымдастырған деген күдікпен көптеген тұлғалар абақтыға жабылады. Орыс империясынан әділдікті талап еткені үшін жазықсыздан-жазықсыз тұтқындалады.

"Қарқаралы" мақаласында қазіргі саяси-құқықтық жағдайдың маңызды көрінісі берілген. Қараша айында жүзден астам кісіні тұтқындау орын алды. Адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуының бар екенін және белгілі бір салаларда сот төрелігі мен заң үстемдігінің негізгі қағидаттарының сақталмауын көрсетті. Бұл мақаланың негізгі идеясы - негізсіз қамауға алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын жеткіліксіз қорғағаны үшін сынға алынып, айыпталуы. Смахан партия басшыларының нұсқауымен талай адамның заңсыз тұтқынға алынып, түрмеге жабылғанын, олардың көбі ақталмағанын, пара алу, жала жабу арқылы өз бостандығын сатып алуға мәжбүр болғанын баяндайды. Сондай-ақ заң саласындағы сыбайлас жемқорлықты сынап, орыс тілін біліп, заң саласында жұмыс істегеніне қарамастан, күмәнді әрекеттермен айналысатын, оның ішінде қызмет көрсету үшін ақша алатын адвокатты сипаттайды. Адал мен арамды ажыратпайтын мақалада сипатталған адам қоғамдағы моральдық құндылықтар мен этика мәселесін көтереді. Бұл мәселе, қоғам адалдық пен адамгершілікке байланысты қиындықтарға тап болған кез-келген уақытта өзекті болып қала береді.

Осылайша, Смахан Бөкейхановтың “Қарқаралы” мақаласындағы сипатталған оқиға мен көтерілген мәселе, қазіргі таңда да қоғамдық пікірталас үшін өзекті болып қала береді.

Нұрлыбай Аяна

Ғылыми жетекшісі: Р.С.Жақсылықбаева, фил.ғ.к., доцент

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым