Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Бугибаева Молдир Ондасыновна
3 мин оқу 35 оқылым

Бугибаева Молдир Ондасыновна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтілетін күні: 28.03.2022 ж.

Тақырыбы: «.Ұзын-қысқа. ».

Мақсаты: балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету; сезім – қозғалыс түйсігін және көру жады арқылы заттарды зерттеудің тәсілдерін дамыту. Ықыластылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бір – бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар. Әр балаға жұмыс дәптерлері, қызыл және көк түсті қарындаштар.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалар қызметі
 

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Аюдың өкірген дауысы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан:

«Бұл өөкіріп жатқан не?» - деп сұрайды.

-          Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік.

-          Балалар, аю бізге геометриялық  фигура – шаршыны ала келіпті.

Аю:

-          Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-          Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім.  Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай фигураның суретін табыңдар.

Қызығушылық танытады.

«Аю» деп жауап береді.

Тәрбиешімен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады.

Шеңбер.

Иә.

Дәптерлерін ашып, суретті табады.

 

Ұйымдастырушылық

ізденістік.

«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 7 – оқу іс әрекеті,

1 тапсырма.

Жаңа геометриялық фигураны – шаршыны қарастыруларын сұрайды.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Тәрбиеші балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады.

Сұрақтар:

-          Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?

-          Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?

-          Сендер басытырып сызған геометриялық фигура қалай аталады.

Жеке жұмыс жүргізеді:

«Жауабын кім табады?» ойыны.

(7 оқу іс – әрекеті, 2 – тапсырма)

Тәрбиеші балаларға екі қыздың суретін көрсетеді.

-          Бқлар апалы – сіңлілі қыздар, олар бір – біріне қатты ұқсайды. Ал олардың бір – біріненайырмашылығын ең зерделі бала ғана таба алады.

-          Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

Сергіту минуты: «Маймақ аю»

Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз.

Аяғымыздың ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз.

«Жол көрсетіп жібер» ойыны.

(7 оқу іс – әрекеті, 3-тапсырма)

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

«Жазда қыдырады,

Қыста апанда жатып,

Тынығады».                     (Аю)

Аю жұмбақтың өзі туралы екендігіне қуанады. Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтады.

Балаларға сұрақтар қояды.

-          Менің сол жағымда не бар?

-          Ал оң жағымда не тұр?

Аю балалардан сұрайды:

-          Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай ұарай жүруім керек?

Балаларға бұл құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырды.

Қарастырады.

Қайталайды: шаршы.

Тапсырманы орындайды.

Балалар жауап береді.

Үлкен.

Кішкентай.

Шаршы.

Балалар суретке назар аударады.

Қыздардың біреуінің бұрымы қысқа, ал екіншісінің бұрымы ұзын.

Тәрбиешінің айтқанын орындайды.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Аралар.

Сол жағында ара бар.

Оң жағында бал құйылған бөшке тұр.

Балалар тапсырманы орындайды.

 

Рефлексиялық түзетушілік.

Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін, балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура – шаршыны сыйға тартады.

Қоштасып кетеді.

-          Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады.

Қуанады.

Шаршы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық фигураларды – шаршыны, шеңберді;

Игереді: геометриялық фигураның – тіктөртбұрыштың айырмашылығын.

Меңгереді: қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта орналасқанды анықтауды.

Тәрбиеші: Бугибаева Молдир Ондасыновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бугибаева Молдир Ондасыновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 404 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 99 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым