Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым

Абильдаева Аида Алматовна
2 мин оқу 166 оқылым

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«Балдәурен»  Республикалық оқу-сауықтыру орталығының

тарих және география пәнінің мұғалімі

Абильдаева Аида Алматовна

Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым

"Халқым менен де биік"

Қ.Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген, дүниежүзіне  танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі.

Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.– Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған энциклопедияшыл білгірі.

ҚазКСР ҒА-ның академигі Ә.Х.Марғұлан ол туралы былай деп жазған еді: «Тамаша адамның, ғылыммен ой-сана шамшырағының, көптеген адамдардың досы мен жолдасының өмірі ерте үзілді. Ол өз халқының мақтанышы болды, Қазақ елінің гүлденуі үшін өмір сүрді және тынымсыз еңбек етті. Ол халыққа қызмет етуді өз өмірінің биік мұраты деп есептеді...»

Бүгінгі күні Республикамызда жүздеген көше, қырықтан астам мектеп Қ.Сәтбаевтың есімімен аталды. Осы орайда мыс шаһары Балқаш қаласында да Қ.Сәтбаевқа арналған көше барын мақтанышпен айта кетуге болады.

Сонысмен қатар Қазақстанның көптеген қалаларында Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик, елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалымға араналған ескерткіштер орнатылған. Оның есімімен Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институты, ғаламшар, «Сатбаевит» минералы, Сатбаев қаласы, Алматыдағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті аталған.

Қаныш Сәтбаев атында

  • Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,
  • Сәтбаев қаласы
  • Сәтбаев ғаламшары,
  • Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
  • Сәтбаевтың мұздығы
  • Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,
  • «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі
  • Сәтбаев көшесі (Алматы)
  • Сәтбаев көшесі (Астана)

Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі – 1642 беттен тұрған.

Бүгінде Қ.Сәтбаевтыың еңбек жолы туралы  білім саласнда, білім беру мекемелерінде кеңінен оқытылады. Атап айтсам: 9сыныпқа раналған «Қазақстан тарихы» оқулығының Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым бөлімінің  §43-44-і кеңінен қарастырған. Осы орайда аталған тақарып бойынша «Балдәурен» Балқаш РОСО оқу кешенінде «Қ.Сәтбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткізілді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Абильдаева Аида Алматовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

9-сыныпқа арналған сабақ жоспарында Қаныш Сәтбаевтың өмірі, ғылымға қосқан үлесі және Қазақстан өнеркәсібін дамытудағы рөлі қарастырылады.

Абильдаева Аида Алматовна 4 мин 43 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 26 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 035 оқылым