Мазмұнға өту

Қант қызылшасының зиянкестері

Сералиев Ермек Кенесович 4 мин оқу 1 249 оқылым

Сералиев Ермек Кенесович

Сабақ тақырыбы: Қант қызылшасының зиянкестері

Сабақтың оқу мақсаттары:

Білімділігі: Студенттерге қант қызылшасының өндірістегі маңызын түсіндіруді жалғастыра отырып, зиянкестері туралы тереңдетіп білім беру

Дамытушылық:  студенттерді тазалыққа, ізденіске, табиғатты сүюге тәрбиелеу

Тәрбиелік: студенттерді танымдық қабілеттерін арттыру

Сабаққа қажетті оқулықтар\әдебиеттер:«Өсімдікті қорғау» Н. Ашықбаев

Құрал-жабдықтар:    видеопроектор, презентация,  тақта, бор.

Сабақ-оқу барысы:

1          Ұйымдастыру  кезеңі:       Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2          Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру:

Сканворд шешу

3          Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру:

Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады.

Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық (Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды,  chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы – 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм.

Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.),жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus  declivis Ol.),шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.) ((Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera- отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.

Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы – 10-15 мм.

Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera– отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы – 6-7 мм.

Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.

Қызылша қандаласы – poeciloscytuscognatusFieb. (Hemipteraотряды, Miridae – тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.

Бунақденелілердің дене тұрқы – 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .

Қызылша бітесі – Aphis fabaeScop. (Hemipteraотряды,Aphididaeтұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы – 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады.  Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.

Күресу шаралары.. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды  және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады

  1. Өтілген  сабақты  (материалды) бекіту:
  2. Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз.
  3. Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндылығы.
  4. Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндылығы.
  5. Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Онымен күресу шаралары.
  1. Үйге тапсырма:   Қант қызылшасының зиянкестері(конспект)
  1. Сабақты қорытындылау, бағалау.                  Оқушылар білімін бағалау

Сералиев Ермек Кеңесұлы

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сералиев Ермек Кенесович

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин