Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қандай доп? 1 cынып қазақ тілі

Гульмира
2 мин оқу 693 оқылым
Сабақ  № 4.

«Қандай доп?»

Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебі
Күні, айы: Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Г.Т.
1-сынып Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа  қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: Түстерді (ақ,қара,қызыл,сары,жасыл,қоңыр,көк) атай алады және түстерді сабақта меңгерген зат атауларымен байланыстыра қолдана алады (қызыл қарындаш, жасыл доп).

Оқушылардың басым бөлігі: Қандай?сұрағына түс атауларын қолданып сұраққа дұрыс жауап бере алады. Қандай да бір заттың түсін атай алады.

Кейбір оқушылар: Басқа да түстер қатарын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

 
Сабақ барысы    
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар

Сабақтың барысы (1-6) минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық дайындық. Сыныпты түгендеу.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. (Оқушылар ортақ шеңбер құрып, ынтымақтастық орта құрайды).

Ақпыз, сары, қарамыз

Бәріміз де баламыз,

Бір ауылда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз!

Интербелсенді тақта.

Өткен тақырыптар-ды қайталау (сұрақ-жауап)

Сабақтың ортасы (7-35 минут)

-Балалар, бұл не?

-Бұл – кітап (дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш, текше, доп).

-Карина, маған кітап берші.

-Міне, ал!

-Никита, маған текше берші.

-Міне, ал.

-Рақмет!

Жаңа сабақ:

1. Бейнесюжет көрсету.

-Балалар, бұл видео не туралы?

-Түстер туралы.

-Қандай түстерді білесіңдер?

-Қызыл, жасыл, сары, көк, қоңыр, т.б.

-Бұл не?

-Бұл – доп.

-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қандай доп?»

«Доп – Мяч - boll».

2-тапсырмада оқушылар түстерді басқа заттармен байланыстыра қолдануды үйренеді. Берілген үлгі бойынша доп туралы айтады. Үлгі: Бұл-сары доп. Бұл- қызыл доп.

3-тапсырма:

Тыңда. Оқы. Қайтала. Аудар.

Үш қызыл доп. Бес сары доп. Жеті жасыл доп. Екі ақ доп. Үш қара доп.

Сергіту сәті: білетін өлең-тақпақтарды қайталайды.

Қолды белге қояйық,

басты оңға бұрайық!

Басты солға бұрайық!

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алайық!

4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін мен алдын ала екі-үш түсті доп немесе қарындаш, текше дайындап қоямын. Бірінші оқушы доптардың қасында тұрады, екінші бала оның қасына келеді. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін екінші бала бірінші баладан қандай да бір түсті доп беруін сұрайды. Бірінші бала оған сол допты алып береді (Міне, ал). Екінші бала оған рақмет айтады. Үлгі: -Сәлем! –Сәлем! –Маған сары доп берші! –Міне,ал. –Рақмет!

Балалар сурет арқылы есеп шығарады.

5-тапсырма: «Неше болады?» ойын. ( Сандармен жұмыс).

Үш доп + екі доп = ?

Екі текше + төрт текше = ?

Үш қарындаш + төрт қарындаш = ?

Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Түстер туралы бейнесюжет.

№ 1 жұмыс дәптері.

Сабақтың соңы: (40-45 минут) Кері байланыс:

«Арқан тарту» ойын арқылы сабақты бекіту.

-Бұл қандай доп?

-Бұл – ақ (қара, қызыл, сары, көк, қоңыр) доп.

-Менде қоңыр доп бар.

-Маған қоңыр доп берші.

-Міне, ал.

-Рақмет!

-Жарайсыңдар, балалар!

-Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гульмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тәрбиеші болу-бақыт

Балабақша тәрбиешілерінің ынта-жігері мен шығармашылығын дамытуға арналған тренингте топтық жұмыс, ойын жаттығулары және «Жылқы тесті» ұсынылған.

Гульмира 4 мин 40 оқылым
Балабақша

Ғарышқа саяхат

Балабақшаға арналған кіріктірілген оқу қызметінің конспектісінде балалар ғарышкерлер мен ғаламшарлар туралы мағлұмат алып, жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап береді.

Гульмира 4 мин 36 оқылым
Жалпы рубрика

Лягушка

Мектепалды топ балалары My Robot Time конструкторымен сызба бойынша бақа моделін құрастырады. Сабақта балалар дайын үлгілерін сынап көреді.

Гульмира 1 мин 35 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым