Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қанайналым мүшелері. Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі

Бектурганова Гульсара Жанкаировна
4 мин оқу 555 оқылым

Пәні: Биология
Сынып: 8 “ә”
Сабақтын тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Кезекшіден мәлімет алу.
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1) Қызығушылығын ояту
2) Бөшкедегі басқатырғылар
ІІІ Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Жүректің құрылысы
2. Жүректің жұмысы
3. Жүрек жұмысының реттелуі

Жүректің құрылысы: Адамның жүрегі оң жақ және сол жақ. бөліктен тұрады. Жүректін әр бөлігі құлақша мен қарыншадан кұралады. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Жүректің қақақшалары деп, кұлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім.Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Адамның жүрегі 4 бөлімнен тұрады: екі құлақша, екі қарынша.Қаиның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозгалуы қан-айналым деп аталады.
Жүрек - пішіні конус тәрізді, кеуде куысыньщ сол жақ жартысына жақын, екінші — бесінші кабырға деңгейінде орналасқан куыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250—300 г. Жүрек сүйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналаскан. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жағы ұш жақтаулы қацпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жадқа ашылуына жол бермейді. Сол жақ Қарынша мен колка, оң жақ карынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпацшалар болады. Олардың пішіні — жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді. Бүл кдқпакшалар қанды жүрек қарыншасьшан артерияға өткізеді, бірақ канның артериядан карыншаларға кері ағуьша кедергі келтіреді Жүрек қабырғасы үш қабаттан түрады. Сыртқы ка¬бат — эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшык ет қабаты — миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденен жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі кабат — эндокард жүректің ішкі қабатын жөне жүрек қакпақшаларын түзеді.Он жақ қарынша қабырғасы — жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады.
Жүректің жұмысы. Жүректің негізгі қызметіне — оның қанды тамырлар бойымен жылжытып отыру үшін энергия қорын жасауы жатады.
Жүрек жұмысының үш кезендн ажыратады: бірінші — жүрекшелердің жиырылуьи екінші — қарыншалардың жиырылуы және үшінші — үзіліс, жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы. Үзіліс кезінде екі жүрекше де вена канымен толады да, қан карыншаларға еркін өтеді. Үзілістен кейін екі жүрекше де жиырылып, барлық кан қарыншаларға барады. Бүл кезең, шамамен, ОД с-ка созылады да, содан кейін жүрекшелер босаңсиды. Қарыншаға түскен кан жүрекше какпакдпаларын төменгі жағынан қысады да, олар жабылады. Екінші кезеңде, екі қарынша да жиырылған кезде олардың қуысында қан қысымы артады да, қан колка мен өкпе артериясына барады. Кезең 0,3 с-қа созылады. Содан кейін қарыншалар босансып, жүректін барлык бүлшык еті босаңсиды, яғни жүрек жалпы босаңсиды — үзіліс 0,4 с-қа созылады.
Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылу¬ына дейінгі кезең жүрек циклі деп аталады. Бір жүрек циклінің ұзактығында жүрекше 0,1 с жиырылады да, 0,7 с тынығады, карыншалар 0,3 с жиырылып, 0,5 с демалады. Әрбір жиырылудан кейін жүрекшелер мен карыншалар бүлшык еті аз уақыт демалады. Бүл жүрек бүлшык етінің күшін калпына келтіруге мүмкіндік береі.
Жүрек жұмысының реттелуі. Жүрекше мен карынша ішінде, сондай-ак кан тамырлары кабырғасында жүйке үштары — рецепторлар болады. Олар жүрек пен тамырлардағы кез келген өзгерістерді қабылдап, оларды орталык жүйке жүйесіне береді. Сонымен катар оған басқа мүшелерден қанмен камтамасыз ету кажеттілігі туралы акпарат түседі. Орталык жүйке жүиесі жауап ретінде жүрекке пара-симпатикалык және симпатикалык жүйкелер бойынша импульс жібереді.
Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу жиілігі баяулайды, олардың күші парасимпатикалық жүйке әсерінен азаяды.
жоғарылатады. Калий бұл процестердің барлығын баяулата отырып, қарама-қарсы әрекет етеді.
ІV. Жаңа сабақты қорытындылау
Қанайналым дегеніміз не?
1. Жүрек жұмысы қанша жолмен, қалай реттеледі?
2. Адам жүрегінің жиырылу жиілігі өзгере ме?
3. Жүрек қабаттарын ата?
4. Жүрекше мен қарынша арасында қандай айырмашылық бар?
5. Жүрек автоматиясы қандай құбылыс?

V. Үйге тапсырма
§35оқу және тақырып соңындағы “В” деңгейіндегі сұрақтарға дәптерге жауап жазу, есеп шығару.
Есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет
360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте
8640литр қан айдайды.

VI Бағалау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бектурганова Гульсара Жанкаировна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 4 мин 179 оқылым
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 6 мин 45 оқылым
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 7 мин 230 оқылым
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Мақалада биологияның медицинаға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, ғылыми-техникалық прогреске және дұрыс тамақтануға қосатын үлесі баяндалады.

Bilimger Media 2 мин 146 оқылым